Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс (татар баспасөзі материалдары негізінде)


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-298-315

Кілт сөздер:

татар баспасөзі, ұлт-азаттық қозғалыс, мұсылмандар, Түркістан, революция, большевиктер, советтер, Құрылтай жиналысы, съездер

Аңдатпа

Мақала ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Түркістан өлкесіндегі халықтардың 1917 жылғы қосөкіметтілік тұсындағы ұлт-азаттық қозғалысын татар баспасөзі негізінде көрсетуге арналған. Мұсылмандық қозғалыста татарлар мен башқұрттар көш ілгері болды. Олар қалыптасқан жаңа саяси жағдайда «Аваз» («Дауыс»), «Безнең юл» («Біздің жол»), «Чулпан» («Таңғы жұлдыз»), «Көрәш» («Күрес»), «Ирек» («Бостандық») секілді мерзімді газет-журналдарын шығарды, көбі большевиктік ұстанымдарды насихаттады. Осылайша, аталған баспасөздерде жергілікті халықтың күнделікті тұрмысы мен әлеуметтік мәселелер назардан тыс қалды. Уақыт өте келе баспасөз таптық қоғамды дәріптеуге көшті. Ташкент қаласындағы баспалардан жарық көрген татар тіліндегі газет-журналдар мен төте жазумен шыққан «Бірлік туы», «Алаш» сияқты ұлттық мерзімді басылымдардағы материалдардың мазмұны бір-біріне ұқсас болды. Баспасөз беттерінде Түркістан өлкесіндегі мұсылман халықтары, олардың азаттық пен еркіндік жолындағы күресі, жетекшілерінің қоғамдық-саяси қызметі туралы мәселелер қамтылды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын күштеп таратқан большевиктер елдің түкпір-түкпірінде кеңестік билікті орнатты. Бұл жағдай Еділ мен Жайық өңірін де айналып өтпеді. Соған байланысты елдің батыс аймағындағы ұлттық-демократиялық басылымдар жабыла бастайды. Мысалы, Орынбор қаласынан шыққын «Вакыт» газеті 1918 жылдың басында өз жұмысын тоқтатты. Көп ұзамай  «Кояш», «Тормыш», «Йолдыз» секілді басылымдар жабылып қалады. Олардың орнын «Чулпан» газеті сияқты социал-демократиялық бағыттағы газеттер басты. Басқаша айтқанда, ұлттық баспасөз қысымға ұшырап, большевиктік газеттер қаптап кетті. «Чулпан» газеті 1918 жылдың көктемінде Халық комиссарлар советінің Татар-Башқұрт советтік республикасы туралы шешім қабылдағанын, ендігі жерде Г. Исхаки сияқты  ұлт қайраткерлерінің ұлттық автономия құру жолындағы әрекетін бос әурешілік деп көрсетіп, бұдан Шығыстағы басқа да халықтар тәлім алуы тиістігін жарнамалады.

Түркістан өлкесіндегі түркі-мұсылман халықтарының қоғамдық-саяси өмірін көрсететін татар баспасөз материалдарына сүйенсек, бұл өлкедегі жағдайдың күрделі болғаны және қазан төңкерісі нәтижесінде Ресей империясының күйреуі, одан  кейін бүкіл елде күштеуге негізделген бір партиялық жүйенің орнай бастауы, большевиктердің ұлттардың өзін-өзі билеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәдесі ұлттық автономияларын құруға ұмтылған саяси күштердің алдында тұрған тосқауылды жеңуге мүмкіндіктер жасағандай болады. Алайда, кейінгі оқиғалар көрсеткендей большевиктер билігі халықтың еркі мен мүддесіне қызмет еткен түркі тілдес халықтардың баспасөздерін жойып, орнына таптық қоғам құруды және партиялық органдарды үгіттейтін газет-журналдарды шығаруға кірісті.

Мақалада дерек көздері ретінде өткен ғасырдың басындағы татар тілінде  жарияланған газеттердегі мақалалар және жалпы түркі-мұсылман қозғалысы туралы жазған зерттеушілердің еңбектері қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ильясова, К., Еңсепов, А., & Еспенбетова, А. (2025). Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс (татар баспасөзі материалдары негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 298–315. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-298-315

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану