«Мұқаддимат әл-әдаб» ескерткіші тіліндегі зат есімнің жасалу жолдары


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-220-231

Кілт сөздер:

түркі тілдері, жазба ескерткіш, морфология, зат есім, сөзжасам, грамматика, тарихи лексика, тіл тарихы, семантика

Аңдатпа

Мақалада түркі тілдерінің тарихын херттеудегі құнды мұра «Мұқаддимат әл-адаб» жазба ескерткішінің тілі талданады. Көне жазба ескерткіштерді зерттеу – тіл ғылымы үшін ғана емес, жалпы гуманитарлық сала үшін маңызды бағыт. Мұндай еңбектер белгілі бір кезеңнің тілдік жүйесін, мәдени болмысын, әлеуметтік құрылымын тануға мүмкіндік береді. Әсіресе «Мұқаддимат әл-Әдаб» мұраларын талдау арқылы сол кезеңдегі сөз қолданысы, сөйлеу дағдысы, әдеби тілдің деңгейі, халықтың дүниетанымдық көзқарасы айқын көрінеді. Бұл ескерткіш тек лингвистикалық дерек қана емес, әдеби, тарихи, этнографиялық тұрғыдан да құнды материал болып саналады. Оның тілі арқылы түркі халықтарының мәдени даму кезеңдері, рухани мұрасы және тілдің эволюциялық бағыты жөнінде тұжырым жасауға болады. Ұлттық тіл тарихын зерделеу қазіргі қазақ тілінің қалыптасуындағы тарихи негіздерді терең түсінуге жол ашты. Көне түркі тілдерінің қазақ тіліне ықпалын, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ортақ белгілерін анықтау – тіл біліміндегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұған қоса, тарихи жазбаларды этнографиялық әрі мәдени контекстпен байланыстыра қарастыру да маңызды: бұл белгілі бір дәуірдің қоғамдық қатынастарын, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын тануға көмектеседі. Қазақ тілінің даму тарихында көне түркі ескерткіштерінің тілі мен стилі қазіргі тілдің лексикалық қоры, грамматикалық құрылымы, сөзжасам жүйесін түсіндіретін негізгі дереккөздердің қатарында. Тілдің уақыт өте өзгеру, даму заңдылықтарын, ескі мен жаңа тілдік қабаттардың байланысын зерттеу арқылы қазақ тілінің тарихи тамыры, көне түркілік негіздері айқындалады. Бұл зерттеу «Мұқаддимат әл-Әдаб» ескерткішінің тілін тарихи-лингвистикалық тұрғыдан қарастырып, қазақ тілінің қалыптасуындағы көне түркі мұрасының орнын, сөзжасамдағы сабақтастықты, грамматикалық құрылымның тарихи дамуын анықтауды мақсат етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Утегенова, Г. ., Кансеитова, Ж. ., & Қансейтова, Г. . (2025). «Мұқаддимат әл-әдаб» ескерткіші тіліндегі зат есімнің жасалу жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 154(1), 220–231. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-220-231

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану