Мақала қарастыру тәртібі

Мақалаларды қарастыру тәртібі:

1. Автор жіберген мақала (Мақаланы жіберуге арналған бейне нұсқаулықты қараңыз) журнал редакциясына түседі. Ғылыми басылымдар бөлімінің журналға жауапты маманы (редакциялық бөлім) – журнал менеджері қолжазбаның техникалық талаптарға сәйкестігін тексереді. Автор мақаламен бірге журнал редакциясына мақаланың өзіндік сипатта жазылғандығы туралы Ілеспе хат, мақаланы плагиат мәніне тексеруге, әртүрлі деректер базасына және ақпараттық жүйелерге, оның ішінде толық мәтінді нұсқаларға енгізуге, жарияланған және баспагерге айрықша құқықтар берілген жағдайда келісімін беруге құқылы.

Орта есеппен редакцияға түсетін мақалалардың 32 % басуға қабылданбай, қайтарылады.
Орташа есеппен, жариялау туралы шешім 2-8 ай көлемінде қабылданады.

2. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің антиплагиат саясаты.Журнал менеджері плагиатқа арналған автоматты тексерудің лицензиялық жүйесі арқылы мақаланы орындау дербестігіне тексеруді жүзеге асырады (https://antiplagiat.enu.kz/). Мақаланы плагиатқа автоматты тексеру нәтижесі бойынша бойынша толық электронды есеп жүктеледі (жұмыстың түпнұсқалық көрсеткіші 80% кем болмауы қажет). Қанағаттанарлық нәтиже алмаған мақалалар одан әрі қарастыруға қабылданбайды. Журнал менеджері бұл туралы негізгі авторға/хат-хабар авторына хабар береді.

Журналдың редакциясында жіберілген қолжазба "Антиплагиат.ВУЗ" лицензиялық жүйесі арқылы антиплагатқа автоматты тексерү өтеді (https://www.antiplagiat.enu.kz/). Қолжазбаның автоматты түрде тексеру нәтижелері жөніндегі толық электрондық есеп түсіріледі.

Жариялау шарттары. "Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану Шығыстану. Түркітану сериясы" журналына жіберілген мақалалар плагиатқа тексерілгеннен кейін міндетті түрде анонимді рецензиялауға жіберіледі. Рецензиялау нәтижелері бойынша журналдың редколлегиясы қорытынды шешім қабылдайды.

3. Бұдан әрі, журнал менеджері түпнұсқалықтың қажетті межесінен өткен мақаланы бас редакторға (бағыт бойынша жауапты редакторға (бас редактордың орынбасарына)) жібереді. Бас редактор (жауапты редактор (бас редактордың орынбасары) бағыт бойынша) мақаланың журнал тақырыбына сәйкес келуін қарастырады. Мақала сәйкес келмеген жағдайда, редакция авторға жариялаудан бас тарту негіздемесімен бірге хат жолдайды. Орта есеппен, мақаланы бастапқы қарау уақыты 2 аптаны құрайды.

4.Бұдан әрі, бас редактор (бағыт бойынша жауапты редактор (бас редактордың орынбасары)) бастапқы іріктеуден өткен әрбір мақалаға ғалым немесе тиісті тақырып бойынша маман рецензентті тағайындайды.

5.Бұдан әрі, журнал менеджері журналда мақала жариялау мүмкіндігін анықтау үшін рецензентке плагиатқа тексеру туралы толық есеппен бірге мақаланы жібереді.

6.Журналда "екіжақты жабық" рецензиялау әдісі қолданылады, онда редакция авторлар мен рецензенттердің есімдерін құпия сақтайды. Рецензент журнал редакциясына зерттелетін тақырыптың өзектілігін, автордың ғылыми салаға қосқан үлесін, алынған нәтижелердің деңгейін қамтитын мақала бойынша негізделген рецензияны ұсынады. Барлық рецензиялар мақаланы жариялауға ұсыну (түзетуге жіберілген немесе өзгеріссіз) немесе оның қайтарылуы туралы толық ақпаратқа ие.

Редакцияға келіп түсетін рецензияда үш лауазымнан тұратын ұсыныстар бар:

a) редакциялық түзетуден кейін жариялауға ұсынылады.

b) мақала рецензенттің ескертулеріне сәйкес түзетулер енгізілгеннен кейін журналда жариялануы тұрғысынан қаралуы мүмкін.

c) мақала қабылданбауға ұсынылады

7. Мақаланы қайта қарастыру қажет болған жағдайда бас редактор/бас редактордың орынбасары және редакция алқасының мақала үшін жауапты мүшесі келісімдерімен журнал менеджері мақала авторына(авторларына) «Мақаланы рецензент ескертулеріне сәйкес қайта толықтыру(түзету) қажет» деген жазбаша мәлімдеме жібереді. Бұл жағдайда автор қысқа мерзімде мақаланың жаңартылған нұсқасын жіберуі керек.

8. Бұдан кейін мақаланың жөнделген/түзетілген нұсқасы рецензентке қайта қарастыруға жіберіледі. Қарастыру мақала бойынша рецензенттің соңғы шешімін алғанға дейін жалғасады. Рецензенттің ескертулерімен келісіп, бірақ оларды түзетуге ниет білдірмеген жағдайда (ескертулерді толық жоймай мақаланы үшінші рет ұсынғаннан кейін) мақала қабылданбайды. Рецензенттің ескертулерімен келіспеген жағдайда автор/авторлар журналдың бас редакторына негіздемеге сүйенген хат жібереді. Бас редактор автордың/авторлардың өтінішін қарастыра отырып, шешім қабылдайды.

9. Мақала бойынша редакциялық алқаның барлық рецензиялары мен шешімдері мақала жіберу барысында метадеректерде көрсетілген негізгі авторға (немесе хат-хабар авторына) жіберіледі. Мақала бойынша барлық материалдар (мақаланың соңғы нұсқасы, Рецензиялар, плагиат бойынша Есеп және олар болған жағдайда басқа құжаттар) редакция алқасының отырысына жолданады. Журналда мақаланы жариялау мүмкіндігі туралы шешімді рецензенттердің пікірлері негізінде журналдың редакция алқасы қабылдайды. Редакция алқасынан теріс пікір алған немесе қайтарылған мақалалар қайта қарастыруға қабылданбайды. Мақалалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда түпкілікті шешімді журналдың бас редакторы қабылдайды.

10. Жариялау материалдың дайындығына қарай жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Редакция дайындалып жатқан шығарылымдардың айдарларына сәйкес кезек ретін қалыптастыруға құқылы.