Америка және Қытайдың Орталық Азиядағы көлік дәліздері үшін геосаяси бәсекелестігі және аймақтық қауіпсіздік мәселелері


Қаралымдар: 145 / PDF жүктеулері: 320

Авторлар

  • Сауле Туркеева ЮКУ им М. Ауезова
  • А.К. Избаиров

Кілт сөздер:

Международные транспортные коридоры, геополитика, Центральная Азия, региональная безопасность, национальная безопасность, политико-экономическое развитие, угрозы

Аңдатпа

Халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселесі қазіргі кезеңдегі барлық
елдердің саяси, экономикалық, интеграциялық, модернизациялық, руханимәдени дамуының өзегін құрайды. Тауарларды тасымалдаудың тиімді құралы
болып табылатын көлік саласы әлемдік экономикадағы маңызды буынға және
жаһандану үдерісінің негізгі құралына айналып отыр. Осы орайда, халықаралық
көлік дәліздерінің даму аспектілерін қарастыру өзінің өміршеңдігін, өзектілігін
жоғалтпаған, маңызды зерттеу салалары болып табылады. Аймақтық, ұлттық
қауіпсіздікке ықпал етуші факторлардың қатарына геосаяси бәсекелестіктің
жалғасын тауып отыруы және қатысушы ірі күш орталықтарының санының
артуы кіреді. Мұндағы басты мәселе – аймақтағы мұнай-газ, уран көздерімен
қатар, Еуропа мен Азияның нарықтарын жалғастыратын стратегиялық орналасу
жағдайымен ұштасады. Орталық Азия аймағы әлемнің геосаяси маңызды буыны
рөлін атқаруымен қатар, халықаралық көлік дәліздерін жалғастыратын орталыққа
айналып келеді. Әлемдік саясаттың ірі акторларының халықаралық көлік
дәліздеріне бақылау орнатуға деген ұмтылысынан туындайтын қайшылықтар
халықаралық көлік дәліздері өтетін аймақтың қауіпсіздігін басты мәселе
ретінде айқындап отыр. «Ұлы Жібек жолының» бойында орналасқан Орталық
Азия мемлекеттері үшін жаһандану дәуіріндегі негізгі міндет – бұл аймақтық
қауіпсіздікті сақтау және оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
болып табылады. Ұсынылып отырған мақалада, халықаралық көлік дәліздерінің
Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігіне ықпалы қарастырылады және Ұлы
Жібек жолын жаңғырту бойынша Америка Құрама Штаттары мен Қытай Халық
Республикасы ұсынып отырған геосаяси жобалардың маңызы, екі ел арасындағы
қайшылықтан туындайтын көлік дәліздерінің геосаяси астарының аймақтың
саяси қауіпсіздігіне, экономикалық қауіпсіздігіне ықпалына талдау жасалынады.

Жүктеулер

Жарияланды

01.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Туркеева, С., & Избаиров, А. . (2023). Америка және Қытайдың Орталық Азиядағы көлік дәліздері үшін геосаяси бәсекелестігі және аймақтық қауіпсіздік мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 143(2), 101–113. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/96

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар