Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мәселелері мен болашағы
Қаралымдар: 304 / PDF жүктеулері: 5805
Кілт сөздер:
Орталық Азия, Қазақстан, Қытай, геосаясат, сауда, экономика, екіжақты ынтымақтастықАңдатпа
Мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың
өзекті мәселелері мен перспективасы қарастырылған. Елдер арасындағы қатынастардың барлық
кешенінің үдемелі дамуында сауда-экономикалық қатынастар маңызды рөл атқарады, олар
соңғы жылдары экономикалардың бірін-бірі толықтыратын серпінді дамуына, географиялық
жақындыққа және әлемде болып жатқан саяси және экономикалық проблемаларға жауап ретінде
екі елдің ауқымды реформаларын іске асыруға байланысты айтарлықтай прогрес көрсетуде. Осыған
байланысты Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тақырыбы
бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында екіжақты ынтымақтастықтың
негізгі проблемалары анықталды, екі ел арасындағы сауда, өнеркәсіп, инфрақұрылым, нарықты
кеңейту және аймақтық ынтымақтастық салаларындағы байланыстарды дамыту жолдары
анықталды. Жүргізілген талдау сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көліктік
және басқа да салалардағы қазіргі даму серпіні елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі
оптимизммен құруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Сондықтан сутегі энергетикасы, шекаралық
сауда, электронды коммерция, туризм, ғылым мен технология сияқты перспективалық салалардағы
проблемалық мәселелерді шешу, өзара тиімді көршілес және достас екі елдің ұлттық мүдделері мен
ынтымақтастықты дамыту жоспарларын құруға мүмкіндік береді.