Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі сайлауға салыстырмалы талдау (Қазақстан мен Түркия мысалында)


Қаралымдар: 43 / PDF жүктеулері: 37

Авторлар

Кілт сөздер:

жергілікті өзін-өзі басқару, Қазақстан, Түркия, сайлау, сайлау науқаны, демократиялық реформалар, салыстырмалы талдау

Аңдатпа

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі сайлау демократиялық процесті және жергілікті жерде тиімді басқаруға едәуір септігін тигізіп, шешуші фактор болып табылады. Тарихында, саясаты мен мәдениетінде өзгешеліктері байқалатын Қазақстан және Түркияның жергілікті сайлауды ұйымдастыру тәсілдерінің де әртүрлі екенін байқауға болады. Осы мақаланың зерттеу мақсаты салыстырмалы талдау жасау арқылы Қазақстан мен Түркияның жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі сайлау өзгешелігі мен ұқсастықтарын талдай отырып, тиімді әдісін анықтау, сол процестердің азаматтық қоғамның дамуы мен демократияға әсерін талдау.

Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің реформалары билікті орталықтануын бытырату мен тұрғындардың жергілікті саяси үрдіске қатысу деңгейін арттыруды көздейді. Еліміздегі демократиялық өзгерістердің маңызды қадамы – бірнеше жылдар ішінде ауылдық округ әкімдерінің халықтың таңдауымен сайлануы, яки тікелей сайлау тәжірибесін қолдану болып табылады.

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Түркияның жергілікті сайлау жүйесі тұрақты. Ол мажоритарлық және пропорционалды өкілдік жүйелерін қолдана отырып, жергілікті басқарудың негізгі дамытушы факторы болып табылады.

Мақалада сайлау жүйелерінің түрлі аспектілері, саяси партиялардың рөлі, азаматтардың қатысу деңгейі, сондай-ақ проблемалар мен қиындықтарды анықтауға арналған салыстырмалы талдау ұсынылған.

Жүктеулер

Жарияланды

27.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болысбек, М., Бюлегенова, Б., & Жүсіпқалиев, А. (2024). Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі сайлауға салыстырмалы талдау (Қазақстан мен Түркия мысалында). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 148(3), 61–72. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/721

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)