Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы ұлтаралық қатынастардың қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірлікке әсері: сараптамалық сауалнама нәтижелері бойынша


Қаралымдар: 44 / PDF жүктеулері: 116

Авторлар

Кілт сөздер:

Қазақстанның оңтүстік өңірі, ұлтаралық қатынастар, ұлтаралық қайшылықтар, ұлтаралық шиеленіс

Аңдатпа

Бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этносаралық қатынастар жайлы сараптамашылар пікірлерін зерттеу.  2023 жылдың тамыз айында Қазақстанның бірқатар қалаларында этносаралық қатынастар шеңберіндегі зерттеу барысында ғалымдар мен сарапшыларға ұсынылған сауалнамаға талдау жасалды. Сауалнамаға қатысушылар саны 50 адамды құрады. Жұмыс аясында БАҚ жарияланымдар мен қарастырылып отырған тақырыпқа арналған ғылыми мақалалар негізінде дискурстық талдау жүргізілді. 

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы этносаралық қатынастардың қалыптасуына кері әсер ететін негізгі факторларды зерттеуді және аймақтағы этносаралық саясат саласындағы профилактикалық саясат тұрғысынан не істеу керектігі туралы сарапшылардың көзқарасын қамтыды. 

Бұл зерттеудің өзіндік ерекшелігі немесе құндылығы еліміздің оңтүстік өңіріндегі этносаралық қарым-қатынас деңгейіне әсер ететін факторлардың иерархиясы да, сондай-ақ, бірінші рет ұлтаралық қарым-қатынастар тұрғысынан қажет басым шаралар (ұсынымдар) да алғаш рет берілді, аймақта бар және күшейіп келе жатқан ұлтаралық қайшылықтардың ықтимал қауіптерінен қорғау ұсынылды. Қазақстанның оңтүстік өңірінде ұлтаралық қатынастардың қалыптасуына ең үлкен кері әсер ететін фактор – жер ресурстарының жетіспеушілігі, олардың сапасы, бағасы және қолжетімділігі болып табылады. Еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыруға байланысты бағдарлама өзектілігін дәлелдеп отыр. Әлеуметтік-экономикалық фактордың да маңызы зор, бұл жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен байланысты.

Бұл мәселелерді шешудің басты шарты – мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, оның ашықтығын қамтамасыз ету, заң алдында барлығының теңдігін қамтамасыз ету. Жоба аясында алынған сараптамалық сауалнаманың нәтижелері 2023 жылғы 15 қарашада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысында ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде ұсынылған іс-шараларды ғылыми-зерттеу және зерттеу жұмыстарында қақтығыстарды алдын-алу мақсатпен пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

27.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жусупова, А., Калашникова, Н., & Ван, Л. (2024). Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы ұлтаралық қатынастардың қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірлікке әсері: сараптамалық сауалнама нәтижелері бойынша. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 148(3), 124–141. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/695

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану