Аналар Қазақстандағы мемлекет құрушы агент ретінде: неолиберализмнің әсері


Қаралымдар: 59 / PDF жүктеулері: 51

Авторлар

Кілт сөздер:

мемлекет құру, ұлттық рух, ұлттық код, таптық репродукция, азаматтық, гендерлік, аналық

Аңдатпа

Халқының үштен бірін балалар құрайтын Қазақстан – қазір өмірлік бетбұрыс сәтіне қадам басқан жас мемлекет. Балалардың жоғары үлесі ел үшін өз қиындығымен бірге, күш-қуат және гүлдену мүмкіндігі болуы мүмкін және бұл балалардың дамуына әсер ететін көптеген субъектілердің өзара әрекеттестігіне байланысты. Қазақстанда отбасындағы гендерлік рөлдерді дәстүрлі қабылдау бала тәрбиесіндегі ана рөлінің теңгерімсіздігіне және артуына әкеліп соқты, сөйтіп оларды ұлттық код пен құндылықтарды жеткізудің негізгі және басты агентіне айналдырды. Сонымен қатар өмірдің барлық салаларын жаһандық неолиберализациялау аналарды балалардың тек адамгершілік тәрбиесіне ғана емес, сонымен бірге олардың болашақ өмірін қалыптастыратын стратегиялық маңызды шешімдердің көпшілігі үшін де жауапкершілікке әкелді. Ақырында, жаңа азаматтарды жасайтын да, айқындайтын да аналар.

Мақалада 3 жанұядағы аналардың 3 ұрпағының мемлекет құру үдерістеріндегі рөлі, балаларында қандай құндылықтарды дамыту қажет деп санайды, неолиберализм олардың балалар өміріне қатысуына қалай әсер етті және Қазақстандағы мемлекет құрылысына әлеуметтік таптың ықпалы барына назар аударылды. Нәтижелер көрсеткендей, ананың рөлін түсіну ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріп отырады, ал қазір балаларды тәрбиелеу жеке мәселе болып саналады. Соңғы ұрпақтың аналары балалары туралы негізгі және жалғыз шешім қабылдаушы – кейде бұны тек күйеуімен бөліседі. Бұл қысқа мерзімде үкімет үшін тиімді болуы мүмкін, өйткені мұндай аналар мемлекеттен ешқандай қолдау күтпейді, бірақ ұзақ мерзімді болашақта олардың балаларының өз еліне деген сезімнің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

28.06.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ковязина K. (2024). Аналар Қазақстандағы мемлекет құрушы агент ретінде: неолиберализмнің әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 147(2), 82–97. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/682

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Funding data

  • Ministry of Higher Education and Scientific Research
    Grant numbers №ИРН BR21882266 «Исследование исторической памяти населения и политики национального строительства в Казахстане за годы Независимости»