Қытай деректері мен көне түркі мәтіндерінің бірін бірі толықтыруы


Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

  • Т.З. Қайыркен

Кілт сөздер:

Күлтегін ескерткіші, руникалық мәтін, мәтіннің батыс беті, 1-10 жолдар, қытай деректері, деректің шынайылығы, деректанулық және тарихнамалық талдау.

Аңдатпа

Мақалада Күлтегін ескерткіші руникалық мәтінінің батыс бетінің 1-10 жолдарына
деректанулық-тарихнамалық талдау жасалып, онда келтірілген мәліметтердің қытай деректерімен сәйкестігі,
шынайылығы және деректік маңызы ашып көрсетілген. Автордың зерттеу нәтижелері мен көзқарасы мынаған
саяды:
Күлтегін ескерткішіндегі руникалық мәтіннің алғашқы он жолында келтірілген деректердің ішінде Түркі
қағанының алғашқы құрушылары Бумын, Естеми қағандардың атақ-даңқы, істеген істері, олардың кезінде
Түркі қағанатының шығыста Хинган (Қыдырхан) тауларынан батыста Темір қапыққа дейін қоластына алып,
іргелі елге айналғаны, кейін келе ішкі-сыртқы күштердің әсерінен билікте берекесіздік орын алып, түркі
жұртының 50 жыл бойы Таң империясының отарына түскені, ақыр соңында халықтың қайтадан оянып күш
біріктіріп Таң үстемдігін аударып тастауға бел буғаны сынды тарихи оқиғалардың бәрі дерлік Қытайдың «Цзю
Таншу», «Син Таншу» секілді деректерімен толықтай сәйкес келеді. Сонымен бірге, онда қытай деректерінде
айтылмаған түркі мемлекеттілігі, елдік сана-сезімі туралы тың мәліметтер кездеседі.

Жүктеулер

Жарияланды

01.03.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Т.З. Kайыркен. (2019). Қытай деректері мен көне түркі мәтіндерінің бірін бірі толықтыруы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 126(1), 118–130. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/669

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану