Корея Республикасының жаһандық басқарудағы рөлі: G20-дағы Оңтүстік Корея бастамалары
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 6
Кілт сөздер:
мемлекетаралық ынтымақтастық, саммитті өткізу, коммюнике, жаһандық басқару, даму, қоршаған ортаны қорғау, G20, экономикалық тұрақтылық.Аңдатпа
Бұл мақала G-20-ның жаһандық басқарудағы маңыздылығын анықтауға, сондай-ақ біздің
заманымыздың күрделі мәселелерін шешуге арналған G-20 саммиті аясында Корея Республикасы ұсынған
бастамаларды талдауға арналған. Осы мақаланы жазу кезінде сапалы әдіс, аналитикалық әдіс, қорыту әдісі
және салыстырмалы әдіс қолданылды. Мақаланың негізгі бөлімі оқырманға G20-ның қалыптасуы, форумның
құрылымы және адам дамуының қазіргі кезеңіндегі рөлі туралы баяндайды, содан кейін Сеулдегі 2010 жылғы
саммиттің нәтижелерін егжей-тегжейлі зерделіп, содан кейін Оңтүстік Корея ұсынған бастамаларға назар аударылды. G20 мүшелігімен бекітілген міндеттері табыстылығының орташа бағасы анықталды.