Қазақстан Республикасы мен Парсы шығанағы елдері арасындағы ынтымақтастық: конструктивистік көзқарас


Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

  • А.М. Исалиева
  • А.Ж. Турханова

Кілт сөздер:

конструктивизм, халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасы, Парсы шығанағы, Ислам.

Аңдатпа

Қазақстан мен Парсы шығанағы елдерінің арасындағы көп жақты ынтымақтастықты
дамытудың негізі қазақстандық қоғамның маңызды исламдық құрамдас бөлігі болып табылады. Араб
мемлекеттері тарапынан еліміздегі экономикалық мәселелерді шешу үшін қазақстандық дипломатиясымен
мәдени және өркениеттік байланысы арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан, мемлекет басшысының
халықаралық аренада республиканың позициясын нығайтуға бағытталған сыртқы саясаттың стратегиялық
мақсаттарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Парсы шығанағының елдерімен саяси, экономикалық және
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті. Автор мақсаты аталмыш мақала
аясында Қазақстан Республикасы мен Парсы шығанағы елдері арасындағы өзара байланыстарындағы ислам
компонентінің рөлін анықтау. Конструктивтік көзқарас теориялық және тұжырымдамалық негіз ретінде
қолданылады. Сондай-ақ, жүйелеу тәсілі, салыстырмалы талдау және контент-анализ қолданылады. Автор
арабжәне отандық сарапшылардың аталмышмәселеге қатыстыпікірлерін келтіреді. Зерттеу нәтижелері, өзара
тиімді ынтымақтастықтың негізін қалаған, халықтар арасындағы өркениеттік жақындықтың маңыздылығын
сараптауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

01.03.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

А.М. Исалиева, & А.Ж. Турханова. (2019). Қазақстан Республикасы мен Парсы шығанағы елдері арасындағы ынтымақтастық: конструктивистік көзқарас. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 126(1), 92–99. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/666

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану