Қазақстан Республикасының ҰҚКҰ аясындағы әскери ынтымақтастығы
Қаралымдар: 11
Кілт сөздер:
ҰҚКҰ, аумақтық қауіпсіздік, әскери ынтымақтастық, дағдарысқа төтеп беру орталығы, Біріккен штаб, Оперативтік төтеп беру Ұжымдық күштері, Ұжымдық бітімгершілік күштері, Ұжымдық авиациялық күштері, Арнайы мақсаттағы күштер.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының ҰҚКҰ форматындағы әскери ынтымақтастықтың
негізгі аспектілері аумақтық қауіпсіздіктің заманауи қауіп-қатерлері мәнмәтінінде ашылған. Келісімнің
тәуелсіздік жолына және мемлекеттілікті құру, егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау жолына шыққан
әрбір қатысушы мемлекет үшін тұрақты сыртқы жағдайды қалыптастырудағы рөлі белгіленген. Сонымен
бірге Келісімнің қорғаныс аясында ынтымақтастықтың дамуына және ұлттық қарулы күштері құрылысы
мәселелері бойынша ынтымақтасуға ықпал ететін құрал ретіндегі мәні белгіленген. ҰҚКҰ мақсаты мен
міндеттері, оның құрылу және даму шарттары ашылған. ҰҚКҰ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты
қадамы сипатталған, соның ішінде – ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, Ұйымның Біріккен штабын
және ҰҚКҰ БШ дағдарысқа төтеп беру орталығын құру. Талдау барысында Келісімнің бүгінгі таңда ұжымдық
негізінде ҰҚКҰ мүше мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерге төтеп беру мақсатында
өзектілігін сақтайтыны туралы қорытынды жасалған.