Шыңжаңдағы дін: тарих және қазіргі заман


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • Ли Ян

Кілт сөздер:

Шыңжаң, дін, ислам, саясат, Қытай, мемлекет, жаңа енгізілім.

Аңдатпа

Мақала Шыңжаңдағы діни жағдайға арналған. Мақалада автономды аудан аумағында діни
қауымдардың қалыптасу тарихы қарастырылады, аймақтың ерекшелігі және Қытайдың мұсылман орталығы
болып табылатын ШҰАА діни істерді басқару саласындағы заңнамалық жүйе талданады. 1980 жылдары
Ислам инфрақұрылымын дамытуға және діни қызметтің қазіргі жағдайына көңіл бөлінді. Діни саладағы
мемлекет саясатының негізгі бағыттары зерттелді. Негізгі мәселе Шыңжаңдағы діни саладағы жағдайды
талдау қажеттілігінен туындады. Дін саласы әлеуметтік тұрғыдан сезімтал, сондай-ақ діни салада да
шиеленіскен әлеует өте жоғары. Осыған байланысты діни қатынастар саласына мемлекет тарапынан да,
сарапшылар қоғамдастығынан да жоғары көңіл бөлінеді. Бұл зерттеу шеңберінде ҚХР орталық билігі елдің
шеткі аймақтардағы азаматтардың дінитанымына деген көзқарастарының өзгергендігін көрсетеді. Әсіресе,
бұл процесс ШҰАА-дағы көпұлтты мұсылмандардың қарым-қатынас эволюциясы тұрғысынан да өзекті.
Исламды саясиландыру - Қытай мұсылмандарының әлеуметтік және саяси өмірдегі орнын өзгертті. Бейжіңнің
қазіргі уақыттағы мемлекеттік саясаты – радикализм мен экстремизмнің алдын алу жұмыстарының негізгі
бағытты болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты -Шыңжаңдағы діни ахуалға шынайы талдау жүргізу
болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

13.06.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ян, Л. . (2019). Шыңжаңдағы дін: тарих және қазіргі заман. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 127(2), 45–52. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/618