XIX ғасырдағы экспедицияларда Орта Азия территориясындағы географиялық іздестіру мәселесі (ресейлік зерттеулер мысалында)


Қаралымдар: 25 / PDF жүктеулері: 34

Авторлар

  • Н.А. Кариева

Кілт сөздер:

орыс саяхатшылары, сери ведомство, Орыс географиялық қоғамдастық , географтар, геологтар, ботаниктар, зоологтар, дипломатиялық миссиялар, географиялық ғылым, физикалық география, жаратылыстану.

Аңдатпа

ХІХ ғасырда Орта Азиядағы географиялық зерттеулер тарихы Ресей империясының
аймақтағы саясатымен және кеңейген сауда-экономикалық сауда қатынастарымен анықталады. Ресей
империясы өзіне өткізу нарығын қамтамасыз етуге ұмтылып, Ұлыбританияның Орта Азияға ену жолдарына
қарсы тұрды. Ресейдік аймақта орнатқан саясаты осы аймақтың табиғи жағдайларын зерттеуге жақсы
мүмкіндік берді.
XIX ғасыр сөзсіз орыс зерттеушілерінің Ота Азиядағы географиялық іздестірулер дамуындағы «алтын кезеңі» болды. Дәл сол уақытта орыс саяхатшылары ең атақты географиялық жарияланымдар жасалды. Сол кезең П.П.Семёнов-Тянь-Шанский, Ш.Ш.Уалиханов, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов,
А.П.Федченко және тағы басқа атақты зерттеушілерге толы болды және олардың ғылыми еңбектері географиялық ғылымды дамытуда бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. ХІХ ғасырда Орта Азия территориясында Ресей империясы үкіметінің бастамасымен саяхатшылар ең күрделі және толық зерттеулер жүргізді. Мақала сол
уақытта аймақтағы географиялық зерттеулерді талдауға арналған. Мақалада орыс саяхатшыларының ұлттық,
кәсіптік және әлеуметтік тиістілік категориясы бойынша жіктеме көрсетілген. Сонымен қатар аталған уақытта Ресей империясының аймақта жүргізілген экспедициялары жіктелген. Осы жұмыста Ресей империясының
Ғылымдар академиясының, Әскери ведомствосының және ғылыми қоғамдастықтардың бастамасымен іске
асырылған әр түрлі миссиялардың зерттеушілік қызметі сипатталады.

Жүктеулер

Жарияланды

17.09.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кариева, Н. (2019). XIX ғасырдағы экспедицияларда Орта Азия территориясындағы географиялық іздестіру мәселесі (ресейлік зерттеулер мысалында). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 128(3), 82–94. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/607

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану