Наджиб Махфуздың «Біздің көшенің балалары» («حارتنا اولاد») романының идеялық-көркемдік ерекшеліктері


Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 25

Авторлар

Кілт сөздер:

араб әдебиеті, роман-хикая, араб реализмі, адам мен қоғам қайшылығы мәселесі, тарихи роман, сюжет

Аңдатпа

Н. Махфуз өзінің шығармашылық өмірінде отыздан астам роман жазған, солардың ішінде шоқтығы биігі- «Біздің көшенің балалары»- «اولاد حارتنا» деп аталатын тарихи романы. Тарихи роман араб әдебиетінде кенеттен пайда болған жоқ, оның орта ғасырларда танымал болған «халық романдарымен» тығыз байланысы бар. Біз талдап отырған шығармада да тарихи баяндаудың элементтері анық көрінеді, шығыстың дәстүрлері сипатталады, сондай-ақ белгілі бір тарихи тұлғалармен және оқиғалармен байланыс байқалады. Романда бес басты қаһарманның тағдыры негізінде бүкіл адамзаттың даму жолы хикая түрінде баяндалады. Шығармада өркениет пен адам табиғатын дамытудың жалпы мәселелері туралы ойлана отырып, бір-бірінен алыс дәуірлерді салыстыруға мүмкіндік беретін көркемдік құралдармен тарихты зерттеу жүзеге асырылады.

Мақалада Мысыр ғана емес, жалпы араб романының әміршісі атанаған Нобель сыйлығының иегері Наджиб Махфуздың шығармашылығы мен оның «Біздің көшенің балалары» романына әдеби теориялық талдау жасалады.Роман стилі, экспрессивтілік құралдары мен оның сюжеті, композициясы, тақырыбы мен идеясы талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

27.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Камишева, Г., & Баймаханова, . Ш. (2024). Наджиб Махфуздың «Біздің көшенің балалары» («حارتنا اولاد») романының идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 148(3), 207–225. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/596

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану