Ұлыбританияның діни экстремизмге қарсы іс-қимылы
Қаралымдар: 37 / PDF жүктеулері: 28
Кілт сөздер:
діни экстремизм, Ұлыбританияның экстремизмге қарсы саясаты, болдырмау стратегиясы.Аңдатпа
2017-2019 жж. үкіметтік және тәуелсіз ұйымдар өткізген әлеуметтік
сұраулар қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басты қатер ретінде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл өзектілігі
артып келеді. Ғылыми ортада аталмыш тақырыпты зерттеу мен жан-жақты қарастыруға
деген қызығушылық күннен-күнге артып, шетелдік тәжірибені бейімдеу мүмкіндіктері де
іздестірілуде. Мақалада арнаулы әдебиетті талдау негізінде Ұлыбританияның діни экстремизмге қарсы іс-қимыл тәжірибесі пайымдалды. Экстремизмге қарсы және белсенді цифрландыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың таралуы жағдайында осы
тақырыптағы материалдарды таратуға қарсы іс-қимылды құқықтық реттеу ерекшеліктері
мен өзекті өзгертулері айқындалған. Діни экстремизмге қатысты алдын алу саясатын зерттеуге ерекше ден қойылды. Болдырмау стратегиясын жүзеге асыру деңгейлері, оның жеке
бағыттары аясындағы шаралар мен бағдарламалар, негізгі мақсатты аудиториясы сипатталған. Сонымен қатар, діни радикализмді таратуға қарсы күрес бойынша жастар саясаты,
үкіметтік бағдарламалар мен экстремизмге қарсы сипаттағы азаматтық қоғам бастамалары
қарастырылған. Ұлыбританиядағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саясатының мықты
және әлсіз тұстары анықталып, алдын алу стратегиясын сынға алудың басты дәлелдері талданды.