Орталық Азиядағы ядролық қауіпсіздік және Корей түбегінің ядролық қарусыздануы жөніндегі Қазақстан Республикасының саясаты


Қаралымдар: 48 / PDF жүктеулері: 22

Авторлар

  • А.К. Алькеев
  • А.Н. Жолдасбекова

Кілт сөздер:

«денуклеаризация», «ядролық клуб», «ядролық нөл», «өзін-өзі демилитаризациялау», «ядролық дағдарыс», бейбітшілік. XXI ғасыр»«манифесті», ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастама.

Аңдатпа

Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік проблемаларын ескереотырып,
қазіргі әлемде ядролық қаруды таратпау және оны толығымен жою мәселесі маңызды
мәселелердің бірі болып қалатынын атап өткен жөн. «Ядролық клубтың» ресми мүшелері
болып табылмайтын мемлекеттер арасында ядролық арсеналдың болуы бүкіл халықаралық
қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндіреді.Орталық Азия аймағы үшін ядролық қауіпсіздік ерекше
маңызға ие.Өйткені КСРО құрамына кірген Орталық Азия елдерінің территориялары 1991
жылға дейін ядролық энергетиканың әскери-өнеркәсіптік кешенінің бөлігі болды.
Біртұтас әскери және ядролық инфрақұрылымның құлдырауымен, Семей
полигонының жабылуымен және кеңестік ядролық мұраның бөлшектенуімен қоршаған
ортаны қалпына келтіру, аймақтың милитаризациясының қайталануын және «ядролық
қарусыздану» нәтижесінде шығарылған техникалық және ядролық материалдардың
«таратылмауын» болдырмау қажеттілігі туралы мәселе туындады.
Мақалада 1980 жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі уақытқа дейін
аймақтың демилитаризациялануының тарихи ерекшеліктері қарастырылған, «ядролық
қарусыз» аймақтардың құрылуы мен жұмыс істеуінің заңды және реттеуші шарттары
көрсетілген, халықаралық қауымдастықтың ықпалы және «ядролық клуб» елдерінің
Орталық Азия елдерінің мәртебесіне қатысты саясаты қарастырылған. Корей түбегінде
Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия аймағы елдерінің қауіпсіз әлем құру және
тәжірибе негізінде алынған болжамдары мен ұсыныстары келтірілген.
Мақалада сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы
саяси және құқықтық қатынастар және елдердің «ядролық қарусыз» аймақтарды және
Корея түбегін «ядролық қарудан» арылту жөніндегі аймақтық бастамаларына қатысу
деңгейі талданады.
Мақалада сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың, Ядролық қаруды таратпау
туралы шарттың және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың ережелерін нығайту
және іске асыру жөніндегі жұмыс қағидалары мен бағыттарын қоса алғанда, екіжақты
және көпжақты бастамалардың тетіктері көрсетілген. Сонымен бірге ЯҚТШ арнайы
бағдарламалары мен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттер шеңберіндегі
бірлескен іс-қимыл тәжірибесі көрсетілген және Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті
нығайту жөніндегі заманауи бағдарламалары мен жобалары сипатталған.
Сонымен қатар, мақалада ядролық қаруды «таратпау» және қарусыздануды
қамтамасыз етудегі қазіргі параметрлер көрсетілген, бірлескен басымдықтар анықталған
және бірқатар ұсыныстар берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

12.06.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алькеев, А., & Жолдасбекова, А. . (2020). Орталық Азиядағы ядролық қауіпсіздік және Корей түбегінің ядролық қарусыздануы жөніндегі Қазақстан Республикасының саясаты . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 131(2), 21–37. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/558

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар