Жапонияның экономикалық және қорғаныс (әскери) потенциалды корреляциалау саласындағы манипуляциялық саясаты


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

  • Г.К. Утеулиева

Кілт сөздер:

Жапония, экономика, ЖІӨ, бюджет, мемлекеттік борыш, қорғаныс саясаты, өзін-өзі қорғау күштері, қарулы күштер.

Аңдатпа

Бүкіл әлемге өзінің «экономикалық ғажайыбымен» белгілі Жапония ХХ ғ. соңында экономикалық дағдарысқа ұшыра бастады, қазіргі уақытта ол одан әрі нығая түсті. Жапония ЖІӨ-ге шаққанда
мемлекеттік қарызы ең көп елдердің бірі болып табылады. Солай бола тұра, ол дүние жүзіндегі экономикасы жоғары дамыған мемлекеттердің бірі болып қала береді. Сонымен қоса, соңғы кездері қорғаныс
саласында түбегейлі өзгерістер байқалуда: Ұлттық қорғаныс басқармасының толық Министрлікке қайта
құрылуы, қорғанысқа бөлінетін бюджеттің артуы және т.б. Күн тәртібінде конституциялық реформа (9
– бапты өзгерту) мәселесі тұр. Реформалардың көбісі қазіргі Премьер-министр Синдзо Абенің басқаруы
кезінде болып жатыр.
Бұл мақала Жапонияның экономикалық өсуімен әскери күшін нығайтудың өзара әсерін зерттеп,
баға берудіөзіне мақсат етіп қояды.

Жүктеулер

Жарияланды

11.09.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Утеулиева, Г. (2020). Жапонияның экономикалық және қорғаныс (әскери) потенциалды корреляциалау саласындағы манипуляциялық саясаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 132(3), 114–122. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/556

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар