Венесуэла: социалистік модель дағдарысы
Қаралымдар: 49 / PDF жүктеулері: 27
Кілт сөздер:
Венесуэла, социализм, саяси және экономикалық дефолт, гиперинфляция, көші-қон және босқындар дағдарысы.Аңдатпа
Тарихи тұрғыдан алғанда, Венесуэла Латын Америкасының қарқынды
дамып келе жатқан елдерінің бірі, мұнай өндіруші және экспорттаушы болған, бірақ
ішкі әлеуметтік қақтығыстар мұнай өнеркәсібі, қара металлургия, цемент өнеркәсібі
және телекоммуникация тиімділігін бейтараптандырды. 2014 жылдың басынан бастап
ел ұзақ уақытқа созылған дефолт жағдайында болды, соның салдарынан ел
азаматтарының әл-ауқатының құлдырауы орын алды, жұмыссыздық, кедейлік және
әлеуметтік теңсіздік деңгейі күрт өсті, жағымсыз көрсеткіштерге қол жеткізді. Мұнай
нарығындағы тұрақсыз жағдай мен АҚШ-тың экономикалық санкциялары ел
экономикасына үлкен қысым көрсетіп, ұзақ уақыт бойы негізгі көз болып саналған
мұнай мен мұнай өнімдерін өндірудің және экспорттаудың бұрынғы көлемдерін
қалпына келтіруге кедергілер туғызды.