Қазақстанның Инстаграм контентіндегі Түркия саясаты: саяси талдау
Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 21
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия, Ердоған, Instagram, Sentiment-Analysis, Data Science.Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның жаңалықтар ресурстарында Instagram
қолданушыларының Түркияны қабылдауы қарастырылады.
Машиналы оқыту әдістерін қолдану мәселені шешу үшін деректердің үлкен көлемін
зерттеуге мүмкіндік береді. БАҚ-та бейненің қалыптасуы мен азаматтар арасындағы
халықаралық қатынастарды қабылдау арасында байланыс бар. Қазнет пайдаланушылары
арасында саяси жаңалықтарды жариялауда Instagram рөлі анықталды. Ақпаратты өңдеу
құралдарының көмегімен түсініктемелерге талдау жасалды. Автор пайдаланушылар
арасында Түркияның имиджін қалыптастырудың бірыңғай стратегиясының жоқтығын
айтады: Түркия дискурсивті кескін ретінде абстрактілі ұғымдар (экономика, денсаулық
сақтау, саясат) тұрғысынан да, Р.Ердоған тұлғасындағы нақты тұлға ретінде де қалыптасады.
Пантюркизм идеяларымен және Түркияның бейнесімен байланысты коннотацияларға назар аударылады. Пайдаланушылар жаңалықтармен ұсынылатын ақпаратты Қазақстандағы
жағдаймен салыстыра отырып, ішкі проблемаға көбірек көңіл бөледі деген қорытынды
жасалады.