Орталық Азиядағы Ислам даму банкі қызметінің негізгі бағыттары


Қаралымдар: 48 / PDF жүктеулері: 28

Авторлар

  • А.А. Дауренова
  • П.К. Килыбаева

Кілт сөздер:

Ислам даму банкі, Орталық Азия, қаржы операциялары, ынтымақтастықты дамыту, ИДБ тобы.

Аңдатпа

Мақалада Ислам даму банкінің Орталық Азиядағы қызметі, соның ішінде ықпалдастықтың
орнатылуы мен дамуы, мемлекеттерге көрсетілетін қаржы операциялары мен жалпы қатынастың дамуы
қарастырылады. Жұмыстың мақсаты ИДБ-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан елдерінде жеке және жалпы аймақтағы қызметіне салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
Авторлар ұйымға қосылудан бұрын басталған ОА елдері мен ИДБ арасындағы өзара қатынастардың
мысалын келтіріп, сонымен бірге ИДБ тобының басқа мүшелерімен серіктестігін көрсетіп, 2014-2018
жылдар арасындағы бес елдегі қаржы операцияларына салыстырмалы талдау жасады. Соның ішінде,
жобаларды қаржыландыру, сауда саласындағы қаржыландыру, техникалық көмек және арнайы мақсаттағы көмек бағыттары бойынша нәтижелер көрсетілген. Пандемияға қатысты себептермен соңғы жылдардағы мәліметтерге қол жеткізу мүмкін болмағандықтан, талдау 2014 жылдан 2018 жылға дейін жыл
сайынғы ресми есептер негізінде жасалды. Дегенмен, соңғы екі жылда қатты өзгерістер болмағандықтан,
бұл зерттеу нәтижелері бүгінгі жалпы жағдаймен сәйкес келіп отыр. Жүргізілген талдауға сәйкес зерттеліп отырған аймақта қаржы операциялардың ішінен жобаларды қаржыландыру басты орын алады,
яғни бұл бағыт ИДБ-нің ОА-ғы жұмысының жалпы динамикасын көрсетеді. Түркменстанна басқа мемлекеттерде бес жыл ішінде сауда саласын қаржыландыру жамығанын көрдік, сонымен қатар зерттеу
нәтижесінде техникалық көмек пен арнайы мақсаттағы көмек бұл аймақта сұранысқа ие болмағанына
көз жеткізідік. Жалпы ОА-ғы жақсы көрсеткіштерге қарамастан, әрбір мемлекеттегі қаржыландыру деңгейі оның экономикалық жағдайының дамуына байланысты қатты ерекшеленеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дауренова, А. ., & Килыбаева, П. (2021). Орталық Азиядағы Ислам даму банкі қызметінің негізгі бағыттары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 137(4), 153–162. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/469

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану