«Бір белдеу-бір жол»жобасының Еуразиядағы біртұтас кеңістікке ықпалы


Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 61

Авторлар

  • А.О. Устемирова
  • С. Горак

Кілт сөздер:

«Бір белдеу және бір жол», Жібек жолы, геоэкономика, геосаясат, логистика, теміржол, Шанхай, Қытай.

Аңдатпа

Мақалада «Бір белдеу-бір жол» жобасының тарихи-экономикалық мәні мен
маңызы, аталған жобаның Қазақстан мен Орта Азия елдеріне ықпалы жан жақты сарапталған. Орталық Азия (ОА) елдеріндегі реформалар және Жібек жолы моделінің Қазақстанның экономикалық және рухани-мәдени дамуына әсері, Қытай үшін қолайлы
геосаяси жағдайлар мен оның саяси мәні ғылыми тұрғыдан талданған. Қытайдың жаңа
транзиттік бағыттары, «Бір белдеу және бір жол» ЕАЭО осы Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің дамуы, Қытаймен шығыс шекарадағы құрғақ порт және басқа да
инвестициялық жобалар терең зерделенген. Логистикалық тасымалдаулар мен Қытай
теміржолдарының маңызы, Қытай-ОА-Еуропа теміржол дәлізіндегі байланыс пен геосаяси жүйе мен қауіпсіздік мәселелеріне ғылыми тұжырымдар жасалады. «Бір белдеу-бір жол» жобасының Орта Азия елдері мен Қазақстанға мәдени-рухани ықпалы мен
пандемия жағдайындағы саяси-идеологиялық, психологиялық аспектілері сарапталады.
Мақалада Қытайдың жаңа транзиттік бағыттары, «Бір белдеу және бір жол» ЕАЭО
осы Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің дамуы, қытаймен шығыс шекарадағы
құрғақ порт және басқа да инвестициялық жобаларының маңызы зерделенген. Қытай
елінің әлемдегі ең ірі табиғи ресурстарды тұтынушы және ең ірі мұнай экспорттаушы
ретіндегі ғаламдық экономикаға ықпалы мен табиғи-экологиялық мәселелері де қарастырылған. Автор Қытай мен Қазақстан арасындағы геоэкономика мен бірлесе даму
концепсиясындағы «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасының экономикалық ынтымақтастыққа бастайтын жаңа мүмкіндіктерін сараптай келе, еліміздің дамуы бағытындағы
ауқымды әрі маңызды жоба екендігін дәлелдей, тұжырымдар жасайды. Сонымен қатар
мақалада қазіргі пандемия жағдайындағы Қытай-Қазақстан халықаралық қатынасы
мен туындаған мәселелеріне де талданған.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Устемирова, А., & Горак, С. (2021). «Бір белдеу-бір жол»жобасының Еуразиядағы біртұтас кеңістікке ықпалы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 137(4), 136–145. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/467

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар