Әлемдегі көші-қон процестерінің эволюциясы: Батыс ғалымдарының зерттеулері
Қаралымдар: 132 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 125
Аңдатпа
Мақалада авторлар көші-қон процестерінің эволюциясын қарастырып, көшіқон терминінің мағынасын анықтайды. Көші-қон мәселелері басқаруға қиын, көшіқонға әсер ететін көптеген факторлары бар әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Тағы
бір қиындық оның мәнін түсінуде бірліктің де, оны зерттеудегі ортақ көзқарастардың
да болмауымен байланысты.
Зерттеуде авторлар экономикалық, саяси, экологиялық, рекреациялық, отбасылық,
этникалық және басқа да себептерді қамтуы мүмкін көші-қон қозғалыстарының себептерін жіктеу ерекшелігін сипаттайды. Мақалада нәтижесінде көптеген теориялар
пайда болған батыс ғалымдарының зерттеулеріне басымдық берілді. Көші-қон мәселелеріне қызығушылыұ артып келеді, бұл таңдалған тақырыптың өзектілігін және әлемдегі жаһандану процестерінің көші-қон процестеріне ықпалының артқанын растайды.
Қорытындыда авторлар батыстық зерттеулерде белгілі бір сабақтастық бар деген
нәтижеге келеді — ғалымдардың көпшілігі өз еңбектерінде алдыңғы зерттеушілердің
тәжірибесіне сүйенеді, көпшілігі тарту және итермелеу факторларымен әрекет етеді.