Мәмлүк-қыпшақ тіліндегі ескерткіштердің (ХІІІ-ХV ғ.) лексика-семантикалық ерекшеліктері


Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 29

Авторлар

  • К.К. Аубакирова
  • А.А. Шаабан
  • Ж.Т. Ботабаева

Кілт сөздер:

мәмлүк-қыпшақ тілі, араб тілі, ортағасырлық қолжазбалар, теологиялық шығармалар, лексика, семантика, мәмлүктер, арабша-қыпшақша сөздіктер, мәдени мұра, түркі әлемі.

Аңдатпа

Мақалада мәмлүктер кезінде жазылған арабша-қыпшақша сөздіктер мен мәмлүкқыпшақ тіліндегі ең көлемді шығармалардың бірі болып табылатын «Иршәдул-мулук уәс-салатин»
ескерткішінде сақталған тілдік материалдарға жан-жақты талдау жасалады. Сонымен қатар,
ескерткіштердің зерттелу деңгейі анықталып, қолжазбаларға құрылымдық-мазмұндық сипаттама беріледі. Мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған ортағасырлық қолжазбалардың лексика-семантикалық
ерекшеліктерін анықтау мақсатында ХІІІ-ХV ғасырларда жазылған «Тәржүман», «Әд-Дурра», «ӘлҚауанин», «Иршәдул-мулук уәс-салатин» сияқты жазба ескерткіштердегі семантикалық бірліктер
тақырыптық жағынан топтастырылады. Жәдігерлерде сақталған тілдік мариалдарға салыстырмалы
талдау жасалып, лексика-семантикалық ерекшеліктері айқындалады.
Ұлттың өзін-өзі тануы үшін оның өткен тарихта қандай халықпен қарым-қатынас жасап, қандай
мәдениетпен байланыста болғандығын және әлемдік өркениетке қандай үлес қосқандығын білу қажет.
Сол себепті қазіргі кезде халықтардың рухани құндылықтарын қайта жаңғыртып, ұлт тарихын терең
зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Шетелдік кітапханалар мен мұрағаттарда сақталған түркі халқының
мәдени мұрасында тарихи маңызы бар жазба ескерткіштер мен құжаттар әлі күнге дейін кешенді
түрде зерттеле қоймады. Сонымен қатар, әлемдік түркітану ғылымында қыпшақтар дәуірі, оның ішінде
Мысыр мәмлүктерінің шығу тегі, этностық құрамы мен мәмлүк қыпшақтарының тіліне, мәдениетіне
қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Сондықтан түркі тілдерінің қалыптасуын және тарихи дамуын
зерттеуде, кейбір халықтардың этностық мәселелерін шешуде XIIІ-XV ғасырларда мәмлүктер билігі
кезінде жазылған қыпшақ мәдениеті мен тіліне қатысты мәдени-тарихи жәдігерлер құнды дереккөз
болып табылады. Бұл жазба ескерткіштердегі тілдік материалдарды кешенді түрде зерттеу арқылы
түркі-араб тарихи, саяси, әскери, экономикалық, мәдени-тілдік, діни байланыстарының ерекшеліктерін
анықтауға болады. 

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аубакирова, К. ., Шаабан, А. ., & Ботабаева, Ж. . (2022). Мәмлүк-қыпшақ тіліндегі ескерткіштердің (ХІІІ-ХV ғ.) лексика-семантикалық ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 138(1), 189–201. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/451

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану