Қазақстандағы сайлау: сайлау процесін трансформациялау


Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 46

Авторлар

  • A.M. Амиржанова
  • В.В. Зеленин
  • Г.Б. Аскеева

Кілт сөздер:

сайлау, электорат, сайлау жүйесі, Парламент, саяси қатысу, саяси партиялар, демо-кратия.Elections in Kazakhstan: the transformation of the electoral process.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі Қазақстанды демократияландыру жағдайында маңызды және өзекті мәсе-лелердің бірі болып табылатын сайлау институты арқылы өкілді органдардың қалыптасуы мен дамуы-ның эволюциялық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау берілген.Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты – саясаттану тұрғысынан Қазақстан Республикасында өкілді билік құру кезіндегі сайлауды талдау. Бұл елдегі сайлау процесі демократиялық режимге сәйкес дамып, заңна-малық реформалардан, сондай-ақ ілеспе қиындықтардан өтуіне тікелей байланысты.Мақаланың ерекшелігі – салыстырмалы талдау және уақытаралық салыстыру сияқты негізгі әдістер арқылы сайлау процесінің эволюциялық дамуын талдау.Талдау негізінде Қазақстан Республикасындағы сайлаудың дамуының сипаттамалық белгілері анықталды. Саяси күштердің рейтингін анықтайтын сайлау жүйесі мен сайлау процесінің кезеңдері зерттелді. Тәуелсіз Қазақстанда сайлау негізінде қалыптасқан өкілді биліктің құрылымы, электораттың сайлауға қатысу ерекшеліктері, Парламент Мәжілісі палатасындағы әйелдердің үлесі, партиялар саны мен депутаттардың орташа жас мөлшері талданады.Зерттеу нәтижесінде ғылыми тұжырымдар жасалып, еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруге арналған гипотезалар ұсынылды.Осылайша, қазақстандық сайлау жүйесінің қалыптасу процесін талдау тек сайлау саясатының өзін зерттеу үшін ғана емес, Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі демократияландыру перспективаларын бағалау үшін де маңызды.Сайлау институты демократиялық құрылыс үдерісін айқындап, бағыт-бағдар беріп отырады, со-нымен қатар қазіргі саяси жүйенің дамуының басты шарты болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Амиржанова A. ., Зеленин, В., & Аскеева, Г. (2022). Қазақстандағы сайлау: сайлау процесін трансформациялау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 138(1), 23–32. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/435

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар