Инклюзивті білім беруді дамыту саясатындағы еуропалық кәсіподақтардың тәжірибелері
Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 62
Кілт сөздер:
кәсіподақ, мемлекеттік саясат, инклюзивті білім беру, адам құқығы, құқық теңдігі, халықаралық кәсіподақ ұйымдары, білім кәсіподағы.Аңдатпа
Мақалада Еуропалық білім беру кәсіподақ ұйымдарының инклюзивті білім беруді жан-жақты жүзеге асыруға көрсеткен қолдау іс-әрекеттері зерттеледі. Кәсіпо-дақ ұйымының басты назарда ұстайтын білім беру ұйымдарындағы мәселелердің не-гізгі түрлері мен оны шешу жолдары қарастырылған. ХХІ ғасырдың басынан бастап, әсіресе дағдарыс кезінде, білім беру ұлттық және жалпы еуропалық деңгейде негізгі саяси басымдық болып табылады. Білім беру саласындағы еуропалық салалық әлеуметтік ди-алог өте маңызды, өйткені бұл сала туындаған мәселелерді талқылау үшін Еуропалық жұмыс берушілер мен білім беру саласындағы қызметкерлерді біріктіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік диалог инклюзивтік білім беруді жүзеге асыруда еңбек қатынастары бойынша келіссөздер жүргізудегі әлеуметтік әріптестерді бірік-тіретін институционалдық негіз ретінде қарастырылады. Жалпы инклюзивті білім беруді қалыптастырудың қажеттілігін анықтау мақсатында қоғамның әртүрлілігін көрсететін нақты мысалдар келтірілген. Еуропаның әр түрлі қоғамдарында теңдік пен білімге қатысуды қамтамасыз ету өте маңызды. Білім берудегі әртүрлілікті ескеру қа-жеттілігі еуропалық деңгейде көбірек саяси назар аударады. Алуан түрлілік пен инклю-зивтілікке қатысты үкіметтер мен бүкіл қоғамдастықтың менталитетін өзгерту қажеттілігі; педагог кадрлардың, оқушылардың және бүкіл қоғамның алуан түрлілігін неғұрлым толық көрсетуіне қол жеткізу қажеттілігі; барлық елдер үшін әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік тұжырымдамаларының бірыңғай анықтамасын әзірлеу қа-жеттілігі анықталады. Авторлар Еуропалық білім беру кәсіподақтары комитетінің (ETUCE) инклюзивті білім беруді дамыту тәсілдерін және оны қолдау мен іске асыру-дың негізгі элементтері мен шарттарын түбегейлі қарастырады. Инклюзивті білім бе-рудегі мәселелерді шешудегі кәсіподақтардың қызметін талдауға екпін жасалады.