Көшпенділер мәдениетіндегі «Асық»ойыны
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 92
Кілт сөздер:
асық, ұлттық ойын, көшпенділер мәдениеті, мал сүйегі, ойын.Аңдатпа
Дала көшпелілерінің негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан олар одан шығатын барлық өнімдерді тиімді пайдаланған. Мал сүтін азық, терісі мен жүнін киім, мүйіз бен сүйектерін түрлі құралдар ретінде пайдаланған. Малтілерсегінен алынған шымыр сүйекті «асық» деп атап, оны ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолданған. Дала көшпелілерінің өмір сүрген аумақтарында жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған асық түрлері «асық» тарихының тым тереңде екендігінің дәлелі. Ал оның ұрпақ тәрбиесіндегі орны жайлы зерттеуіміз археологиялық, мәдени, тілдік қорымыздағы элементтер арқылы нақтыланып, мәдениетіміздегі орны анықталуға тырысылды. Көшпелілер мәдениетінің қазіргі ең үлкенекі өкілі ретінде қазақ пен моңғол мәдениетіндегі асыққа қатысты тілдік, мәдени байланыстар салыстырмалы түрде қарастырылды.