ҚазіргіӨзбекстанның саяси модернизациясының кейбір аспектілері


Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 35

Авторлар

  • Е.А. Изтелеуова

Кілт сөздер:

Ш.Мирзиеев, көпвекторлы, реформалар, сыртқы саясат, Стратегия, Орталық Азия, Өзбекстан Республикасы.

Аңдатпа

Мақалада Ш.Мирзиеевтің президент болып тұрған кезіндегі жұмысы талданады. Автор елдіңжаңа президентінің келуімен Өзбекстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатын талдауға тырысады. Ш.Мирзиеев қысқа мерзімде орасан зор жұмыстарды атқарды. Жаңа үкіметтің келуімен Өзбекстан үшін дамудың жаңа кезеңі, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың жаңа кезеңі басталды. Мемлекет басшысы сыртқы саясатты мүлде басқа деңгейге көтере алды. 2017-2021 жылдарға арналған бес басым бағыт бойынша Әрекет стратегиясы аясында жаңа президент Өзбекстанның сыртқы саясатының негізгі басымдығы -Орталық Азияны белгіледі. Ш.Мирзиеев Орталық Азия аймағында тату көршілік пен өзара тиімді ынтымақтастық белдеуін құру ниетін білдірді. Бірақ көпвекторлы және теңдестірілген сыртқы саясатты жүзеге асыра отырып, ол көршілес республикалармен ғана емес, әлемдік державалардың басшыларымен де ынтымақтастық орната алды. Өзбекстан Республикасының көшбасшысы өзінің ашықтығын, диалогқа дайындығын, барлық елдермен өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтатынын көрсетеді

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Изтелеуова, Е. (2022). ҚазіргіӨзбекстанның саяси модернизациясының кейбір аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 139(2), 33–41. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/419

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар