Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару дамуының мәселелері


Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 42

Авторлар

  • И.А. Калиев
  • М.А. Алтыбасарова
  • А.А. Акишев

Кілт сөздер:

өңірлік билік, жергілікті өзін-өзі басқару, өзара қарым-қатынас, мемлекеттік басқару, өкілеттіктер, қаржыландыру, әкімшілендіру.

Аңдатпа

. Мемлекеттік басқару мемлекет пен қоғамның прогрессивті дамуы мен тұрақтылығында
орасан зор рөл атқарады. Тиімсіз басқару әртүрлі мәселелердің, соның ішінде жергілікті деңгейде де
шиеленісуіне әкеледі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі міндеті жергілікті аумақтық маңызы бар,
елді мекендердің мәселелерін өз құзыреті шегінде және өз бюджеті шегінде дербес және тиімді шешу
болып табылады. Айта кету керек, жергілікті өзін-өзі басқару саясаты жалпымемлекеттік міндеттермен
және қолданыстағы заңнамамен байланысты болуы керек.
Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты мәселелер қарастырылады, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы және оның дамуы, жергілікті өзін-өзі
басқарудың оң тәжірибесі талданады.
Елде жергілікт іөзін-өзі басқаруды дамыту барысында туындаған негізгі проблемалар анықталды.
Жергілікті өзін-өзі басқару мен аймақтық басқарудың өзара қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған
проблемалар қарастырылды, олардың негізгі себебі қарастырылып отырған билік буындарының әрқайсысының өкілеттіктері мен функцияларын нақты ажыратудың болмауы.
2021 жылы шығарылған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы Жарлығына талдау
жүргізілді. Бірқатар басқа елдердің тәжірибелері зерделенді. Қорытындысында анықталған проблемаларды шешу мүмкіндігі бойынша ұсыныстар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Калиев, И. ., Алтыбасарова, М. ., & Акишев, А. . (2022). Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару дамуының мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 140(3), 29–40. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/397

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)