Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас: саяси аспект


Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 37

Авторлар

  • Пунит Гаур

Кілт сөздер:

Саясат, мемлекет, сыртқы саясат, көпвекторлы саясат, Қазақстан, Үндістан, жұмсақ күш, Орталық Азия.

Аңдатпа

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Үндістан мен Қазақстан саясатын зерттеудің маңыздылығымен сипатталады. Мақалада автор халықаралық аренадағы екі елдің арасындағы қарым – қатынас мәнін ашады. Үндістанның Қазақстанмен қарым-қатынасы ғасырлар бойғы өркениеттік және мәдени байланыстарға негізделген. 1990
жылдардың басында Орталық Азияның бес тәуелсіз Республикасы құрылғаннан бері
Үндістан мен Қазақстан бірегей қатынастар мен аса маңызды әріптестік қатынастар
орнатты. Үндістан өзінің алыс көршісі саналатын Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы елдердің бірі болды. Премьер-министр Нарендра Модидің 2015 жылы Орталық Азияның барлық бес еліне, соның ішінде Қазақстанға сапары
Үндістан мен аймақ арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды кезең болып
саналады. Қазақстан Үндістан үшін, әсіресе энергетикалық ресурстар мен экономикалық әлеуетке қатысты үлкен маңызға ие. Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағы
ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Үндістан әлемдегі бесінші ірі экономика болып
табылады және басқа да қосымша нарықтарды құрумен қатар, Қазақстан үшін кең
нарыққа айналу мүмкіндігіне ие. Қарым-қатынастарға елеулі серпін мен жаңа ауқым
бере отырып, Үндістан 2022 жылғы қаңтарда Орталық Азия елдерінің барлық бес мемлекет басшыларының, соның ішінде Қазақстанның қатысуымен тарихтағы алғашқы
Үндістан-Орталық Азия саммитін ұйымдастырды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Гаур, П. . (2022). Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас: саяси аспект. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 141(4), 131–135. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/386

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану