Ұлттық құрылыстың мәні және негізгі түсініктері


Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 267

Авторлар

  • Мурат Насимов Кызылординский университет "Болашак"

Аңдатпа

Ұлттық құрылыс мемлекеттік құрылыстың дамуымен тығыз
байланысты. Ұлттық құрылыстың маңызды өлшемдерін қорғау тек
мемлекеттің ғана емес, барша қоғам мүшелерінің азаматтық міндеті мен
жауапкершілігі болып табылады. Ұлттық құрылыс жаһандану жағдайындағы ең
өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан жаһандану жағдайында ұлттық құрылыс пен
бірегейлікті сақтау мәселесі өте өзекті. Берілген мақалада ұлттық құрылыстың
мәні және негізгі түсініктеріне талдау жүргізілген. Мақаланың мақсатына
ұлттық құрылыс ұғымына қатысты тұжырымдарды жүйелеу жатады.
Мәселе бойынша теориялық талдау жүргізілген жұмыста библиографиялық,
сипаттамалық, жүйелік, салыстырмалы және тұжырымдамалық талдау
әдістері қолданылды. «Nation-building in Kazakhstan» кілт сөзіне ерекше назар
аударылды. Ұлттық құрылыстың ұлт, бірегейлік және кино өндірісі секілді өзге
түсініктермен байланысы айқындалды. Тарих берген сабақтар және идеология
арқылы ұлттық құрылысты дамытудың маңыздылығы дәлелденді.

Жүктеулер

Жарияланды

01.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Насимов, М. (2023). Ұлттық құрылыстың мәні және негізгі түсініктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 143(2), 70–81. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/38

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар