Мемлекет пен конфессия қатынастары аясындағы ар-ождан бостандығы
Қаралымдар: 33 / PDF жүктеулері: 28
Кілт сөздер:
дін, сөз бостандығы, мойындау, мемлекет пен дін аралық қатынастары, заңдар.Аңдатпа
«Мемлекеттік пен конфессия қатынастары аясындағы ар-ождан бостандығы» атты мақалада М.Ю. Онучко, Б.А Габдулина діни ұйымдардың құқықтық дәрежесін түсіндіру барысында көптеген мемлекеттердің заң аясында жалпы адамзаттық құндылықтарға тән ар-ождан еркіндігінің негізінен туындайтынын көрсетеді. Авторлар бұл мақалада сөз еркіндігі түсінігіндегі көптеген тұжырымдардың мәніне баса назар аударады, сонымен қатар ар-ождан еркіндігінің құқықтық, экономикалық, адамгершілік аспектілеріне сараптама жасаған. Сонымен қоса, қазіргі заманғы мемлекеттік – дінаралық қатынастың қалыптасуына жаңа діни қозғалыстардың, тоталитарлы секталардың деструктивті ықпалын көрсеткен. Авторлар мемлекеттік – дінаралық қатынастың тиімді үлгісін қолдануды ұсынуда, яғни қоғамдағы өзара қарым-қатынас пен тұрақтылыққа жету мақсатында діни конфессиялардың (әсіресе, дәстүрлі емесдіндер) істеріне мемлекеттің араласуы қажет екендігін атап көрсетті.