ТМД елдерінің транспорттық саясаты
Қаралымдар: 28 / PDF жүктеулері: 24
Кілт сөздер:
көлік саясаты, транзиттік әлеует, логистика, теміржол көлігі, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан.Аңдатпа
Мақала Орталық Азия және Ресей мемлекеттеріндегі транспорт саясатының қалыптасуы мен эволюциясын сипаттауға бағытталған. Жүргізілген ғылыми ізденіс тарихы ортақ болып табылатын, бір транспорттық жүйенің нәтижесі болып табылатын дербес көлік дәліздердің функцияларын зерттеуге арналды. Зерттеу барысында тарихи және салыстырмалы әдістер қолданды. Нәтижесінде жаһандану заманындағы ұлттық мемлекеттердің транзиттік саясатының модернизацияға ұшырап, ашық есік саясатына бет алуы, ел экономикасының дамуындағы логистиканың басым ролі анықталды. Көлік жоспарын әзірлеудің келешегі, жобаларды жүзеге асыруда жаһандық, аймақтық, аймақаралық және ұлттық мүдделердің қаншалықты өзара тиімді байланысқанына, тәуелді екеніне назар аударылды. Қарастырылған мемлекеттердің көлік магистралына қызмет ететін инфрақұрылымының қалыптасуының, шетел инвестициясының келуінің, жұмыс орындарының санының артуының, есебінен, қарқынды даму мен кешенді экономикалық өсуіне септігін тигізетіні болжамдалды.