Диаспораның халықаралық қатынастарға ықпалы


Қаралымдар: 33 / PDF жүктеулері: 17

Авторлар

  • Г. Асхат

Кілт сөздер:

диаспора, мемлекеттік емес актор, этникалық топ, эмигранттар, көші-қон, ішкі және халықаралық саясат.

Аңдатпа

Соңғы бірнеше онжылдықтар ішінде диаспора халықаралық аренада айтарлықтай акторларға айналды, олар отандық және халықаралық саясатта маңызды рөл атқарумен қатар, ұлттық шешімдерге де әсер ете алды. Диаспоралар мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарға әсер ететін екі елдің арасындағы интеллектуалды, саяси, әлеуметтік және мәдени байланыстарды тудырады.Осыған байланысты, мақалада диаспоралардың халықаралық қатынастарға ықпалы қарастырылады. Ди-аспоралар кеңінен таралған және олар халықаралық саясатқа ежелден бері әсер етті және ғасырлар бойы өз елдерінен әртүрлі себептер нәтижесінде қоныс ауударып келді. Әлемде эмигранттар жоқ елдер жоқ. Бүгінгі таңда диаспоралар мен жеке тұлғалар отандық және халықаралық саясатта маңызды рөл атқара алатын және ұлттық шешімдерге әсер ету қабілеті бар ірі актерлер ретінде танылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асхат, Г. (2018). Диаспораның халықаралық қатынастарға ықпалы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 124(3), 18–23. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/356

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар