Қырғыз жазушысы Төлөгөн Касымбековтың шығармашылығындағы газет басылымдарына сәйкес қырғыз салт-дәстүрлеріндегі өтпелі кезеңдерге (дүниеге келу-үйлену-дүниеден өту) анализ
Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 20
Кілт сөздер:
Төлөгөн Касымбеков, қырғыз салт-дәстүрлері, дүниеге келу, үйлену, дүниеден қайту.Аңдатпа
Қырғыз әдебиетінде тарихи роман жанрының негізін қалаушы Төлөгөн Касымбековтың
повестері мен әңгімелерімен қатар баспасөзде жарияланған мақалаларының да маңызы зор. Оның «Нур
Эл» газетінің 2010 жылғы үш санында жарық көрген мақалаларында қырғыздың дүниеге келу, үйлену,
дүниеден қайтуға байланысты салт-дәстүрлеріне қатысты жазған пікірлері мен ұсыныстары осы күнге дейін
қарастырылмаған. Жазушының пікірлерінен қырғыз халқының өткен және бүгіні әлеуметтік өмірінде орын
алған өзгерістермен қатар салт-дәстүрлердің де елеулі өзгерістерге ұшырағанын байқауға болады. Жазушы
аталмыш мақалаларында дүниеге келу, үйлену, дүниеден қайтуға байланысты салт-дәстүрлер туралы мәлімет
бере отырып, өзгерістерді сынайды және пікірлерін білдіріп, жаңа ұсыныстар жасайды.
Бұл мақалада жазушының ой-пікірлері беру арқылы қырғыздың дүниеге келу, үйлену, дүниеден қайтуға
байланысты салт-дәстүрлерін түріктің адам өміріндегі өтпелі кезеңдерге қатысты ұмытылған немесе өзгерген
салт-дәстүрлерімен салыстыру мүмкіндігі ұсынылады.