Әлішер Науаидің «Хазаин әл-ма’ани» жинағындағы өлеңдерінің әліпби тізбекті қолжазбалары туралы


Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 32

Авторлар

  • O. Мадалиева Өзбекстан Ғылым Академиясы, Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институты https://orcid.org/0009-0008-0932-9570

Кілт сөздер:

Әлішер Науаи, диуан, қолжазба, «Хазаин әл-ма’ани», «Ғараиб әл-Сғар», «Науадир әш-шабаб», «Бадайи’ әл-васат», «Фауа’ид әл-кибар», ғазал

Аңдатпа

Әлішер Науаидың «Хазаин әл-ма’ани» кітабының мазмұны, оның алғысөзінде жазылғандай, «Бадайи' әл-бидая» және «Науадир әл-ниһая» диуандары мен өлеңдерінен тұрады. Әлішер Науаи 1501 жылы дүниеден өткеннен кейін ақынның лирикалық мұрасын тұтас бір шығарма ретінде оның естелігіне кітап етіп жинақтау мақсат етілді. «Хазаин әл-маани» диуандарындағы өлеңдердің жалпы әліпбилік құрылымы миниатюрамен жазылған. Ақынның лирикалық мұрасын оның келесі ғылыми басылымдарын дайындауда пайдалану тиімді болмақ. Әлішер Науаи өлеңдерін келешек ұрпаққа тұтас шығарма ретінде жеткізетін сирек дереккөздердің бірі – «Хазаин әл-маани» екені анық. Бұл зерттеуде біз қолжазба табылған Виндзор құлып кітапханасының сайтынан аталған диуанның мұқабасының және оның 22 беті миниатюрада жасалған сандық көшірмесіне қол жеткіздік. Бұл мақалада қолданылған қолжазбалардың бірі – толық әліпби жүйесіндегі ең көне көшірме болып есептелетін «Хазаин әл-ма’ани» өлеңдері. Британдық Royal Collection каталогы таңдалып алынды, онда жұмыстың жарнамалық ақпараты ұсынылған. Қолжазбаға 12 миниатюра сызылған, оның төртеуі қатты зақымдалған. XVI ғасырда қолмен жазылған миниатюралар 1605 жылы Үндістанда (Могол сарайы) қайта боялған. Толық әліпби жүйесімен көшірілген XVI ғасырдағы «Хазаин әл-маани» өлеңдерінің тағы бір данасы Өзбекстан Ғылым академиясының Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институтының жинағында сақтаулы. Бұл жазбаның маңызды тұсының бірі – автор өлеңдерінің мағыналық топтарына қарай келтірілуі. Демек, ақынның ғазалдарында жырланған махаббат тақырыбын тәңірлік те, адамдық махаббат та мағынасында түсінуге болады.

Жүктеулер

Жарияланды

28.06.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мадалиева O. (2024). Әлішер Науаидің «Хазаин әл-ма’ани» жинағындағы өлеңдерінің әліпби тізбекті қолжазбалары туралы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 147(2), 232–247. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/284

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану