Қазақ және корей халықтарындағы ұлттық ойындардың ұқсастығы


Қаралымдар: 142 / PDF жүктеулері: 143

Авторлар

  • А.Б. Арипова
  • Б.К. Акын

Кілт сөздер:

Ұлттық ойындар, Қазақ мәдениеті, Корей мәдениеті

Аңдатпа

Мақала қазақ және корей халықтарындағы ұлттық ойындардың ұқсастығы мен екі мемлекеттегі ұлттық ойындардың дәрежесін көрсетуге арналған. Жаһандану үдерісінің ұлттық мәдениетке кері әсері бәрімізге мәлім. Осы орайда, ұлттық рухты қалыптастырудың бірден-бір жолы –  ұлттық қазынамызды, соның ішінде, ұлттық ойындарды жастарға дәріптеу, дамуына жол ашу. Сол себепті, бұл мақалада жастар тәрбиесіндегі ұлттық ойынның рөлі мен ұлттық ойындарды жаңғыртудың маңызы көрсетілген.

Ата-бабымыздан келе жатқан бұл ойындар – денені сауықтырып қана қоймай адамгершілік, зеректік, бәсекеге қабілеттілік, өнегелік, жауапкершілік, сыйластық пен ізеттілік сияқты жағымды қасиеттерді бала бойына сіңіретін, баланы жан-жақты дамытатын қозғаушы күш.  Қазақ және корей халықтарының ұлттық ойындарының ұқсастығын айқындап, салыстыру мақсатында тарихи шолу жасалып қана қоймай, сонымен қатар, қазақша күрес пен ширым күресі, асық ойыны мен бисокчиги ойыны, садақ ату мен хуалсоги ойындарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалды. Жастар арасында ұлттық ойындардың құндылығын дәріптеудің жолдары қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Арипова, А., & Акын, Б. (2023). Қазақ және корей халықтарындағы ұлттық ойындардың ұқсастығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 144(3), 171–177. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/208

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану