Корея Республикасының ұлттық брендингіндегі мәдени саясаттың рөлі


Қаралымдар: 161 / PDF жүктеулері: 111

Авторлар

  • Исмаилова С.Ж.

Кілт сөздер:

мәдени саясат, ұлттық брендинг, корей саясаты, оңтүстік кореялық феномен, мәдени саясат.

Аңдатпа

Бұл мақалада Корея Республикасының мәдени саясатын елдің ұлттық брендінде
қалыптасуы мәселесі қарастырылған. Ел брендінің халықаралық аренада орнығуы мен болуы
мемлекет аумағында мәдениет саласындағы маңызды және тәуекелді саяси шешімдерді қабылдаудан
басталады. Бұл мақалада Корея Республикасындағы мәдени саясатты қалыптастырудың негізгі
кезеңдері қарастырылып, үкімет қабылдаған маңызды шешімдер көрсетілген. Оңтүстік Кореяның
ұлттық брендін дамытудың негізгі бағдарламалары мен стратегиялары талданған.
Елдің өзіндік ұлттық брендінің болуы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің қажеттілігі мен
негізі болып табылады және Корея Республикасының тәжірибесі көрсеткендей, дәл осындай
«жұмсақ күштің» әсері әлем ауқымына күштірек әсер етеді.
Оңтүстік Кореяда мәдени саясат ұлттық брендинг бағытына әсер ететін мәдени құндылықтарды
қалыптастырады және насихаттайды. Мәдени саясат өнерді, ғылымды, білім беруді және белгілі
бір елге ғана тән басқа да салаларды дамытуға және ілгерілетуге көмектеседі. Осыған байланысты
Оңтүстік Кореяның тұрақты және танымал бренд құру тәжірибесін зерделеу қажеттілігі туындады.

Жүктеулер

Жарияланды

01.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

С.Ж. , И. (2023). Корея Республикасының ұлттық брендингіндегі мәдени саясаттың рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 145(4), 207–214. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/145

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану