Түркі тілдері топонимикасындағы ландшафт ерекшеліктерінің атаудағы ортақ көрінісі: якут, башқұрт, түрік, қазақ тілдеріндегі оронимдері негізінде


Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-215-226

Кілт сөздер:

түркі тілдері, ландшафттық лексика, топонимдер, оронимдер, семантика, лексикографиялық талдау, салыстырмалы-тарихи талдау, лексико-семантикалық ерекшеліктері

Аңдатпа

Біздің ғаламшарымызда әртүрлі дәуірлерде тарихи оқиғалар орын алды және ол түркі тілдерге қатысты географиялық атаулардың пайда болуына әсер етті. Қазіргі өркениетте жер атаулары жаңа атаулармен толығуда. Топонимдер – қоғам мен жалпы адамзат дамуының міндетті элементі. Әрине, топонимдерді түсіну, олардың қалай пайда болатынын, дамитынын, өзгеретінін, бұл процеске не ықпал ететінін және олар қандай мағына білдіретінін зерттеу қажет.

 Ландшафт лексикасын мыналар құрайды: жер, өзен, тау, қырат, көл, төбе, жота, құз, орман, тоғай, құм. Оронимдер – рельеф формаларының атауларын қамтитын топонимдер тобына жатады. Бұл топтың құрамына таулардың, шыңдардың, жазықтардың, ойпаттардың, үңгірлердің, жыралардың және басқа да геоморфологиялық нысандар атаулары кіреді.

Түркі топонимдері тілдік деректердің маңызды көзі болып табылады және белгілі бір аумақтарды мекендеген түркі халықтары тілінің, материалдық, рухани мәдениетінің даму ерекшеліктерін көрсетеді.

Топонимикалық жүйені зерттеудің өзектілігі – бұл тілдік құбылыстардың эволюциясын айқындауға және оның дамуының белгілі бір кезеңіне тән халықтың материалдық және рухани мәдениетінің сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Топонимика тіл тарихы, диалектология, тарихи география және этнография туралы баға жетпес ақпаратты қамтиды.

Мақала түркі тілдеріне жататын түрік, қазақ, башқұрт және якут тілдеріндегі топонимдер ортақ тарихи, этникалық және географиялық байланыстардың куәсі екеніне дәлел бола алады. Бұл төрт тілдегі топонимдер – тек географиялық атаулар ғана емес, сонымен қатар әр халықтың тарихи жады мен рухани мұрасының айнасы. Түркі халықтарының ортақ сөз элементтері мен семантикалық ұқсастықтары олардың тарихи туыстығын айғақтайды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қараман, А. ., Сапашев, О. ., & Тәшімбай, С. . (2026). Түркі тілдері топонимикасындағы ландшафт ерекшеліктерінің атаудағы ортақ көрінісі: якут, башқұрт, түрік, қазақ тілдеріндегі оронимдері негізінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 155(2), 215–226. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-215-226

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану