Қыпшақ және оғыз тілдерінің даму тарихының кейбір аспектілері
Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 12
Кілт сөздер:
ата тіл, көне қыпшақ тілі, көне оғыз тілі, көне түркі, Dīwān Lughāt al-Turk, орта қыпшақ кезеңі, сан-мөлшер категориясы.Аңдатпа
Мақалада қыпшақ және оғыз тілдерінің тарихи даму жолы жеке грамматикалық құбылыстар
негізінде қарастырылады. Бұл дамудың бастауын біз мета-тіл саналатын алтай ата тілінен, негіз-тіл саналатын
көне түркі мен оғыз тілдерінен табамыз. Мақала авторлары көне қыпшақ және көне оғыз тілдерінің қарымқатынасын көне түркі тілімен байланыста қарастыра отырып, Махмұд Қашқаридың «Диуаниындағы» қыпшақ
және оғыз компоненттерін ашып көрсетеді, кейінгі орта ғасырдағы қыпшақ және оғыз тілдерінің жеке тілдік
ерекшеліктерін және жаңа дәуірдегі дамуын айқындайды. Сипаттама ретінде қыпшақ және оғыз тілдеріндегі
сан-мөлшер категориясының дамуы қарастырылады. Мақала авторлары қыпшақ және оғыз тілдеріндегі санмөлшер категориясының мағынасын, олардың типологиялық және морфонологиялық сипатқа негізделген
формальды жасалу жолдарын жүйелі түрде талдайды.