Израильдің конвенционалды емес қаруы: себептері мен салдары
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 6
Кілт сөздер:
ядролық қару, Израиль, шектеуші фактор, Таяу Шығыс, ұлттық қауіпсіздік.Аңдатпа
Бұл ғылыми мақала Израильдің ядролық арсеналының аналитикалық талдауына, ТельАвивдің ядролық қаруны ие болудағы ұмтылысына басшылық еткен себептерді зерттеуге арналған.
Мақаланың өзектілігі: осы уақытқа дейін Израиль ядролық қаруының барын растап да, жоққа шығарған
емес. Сондай-ақ, Израиль «Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа» қол қоймағандықтан, оның атомдық
реакторларын «Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі» бақыламайды. Бұл мақала Израильдің
ядролық бағдарламасын дамытуға себеп еткен Таяу Шығыстағы жағдайды терең зерттеуге мүмкіндік береді.
Мақалада Израильдің ядролық күш өсірудің ықтимал салдары көрсетілген. Сонымен қатар, ядролық қарудың
қолдану қаупіне жалпы баға берілген.