«Та'ароф» - ирандық менталитеттің басты қыры
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 7
Кілт сөздер:
сыпайылық, этикет, сөйлеу этикеті, «та'ароф», Иран мәдениеті.Аңдатпа
Мақалада Иран мәдениетіндегі сыпайылықтың ұлттық ерекшелігі қарастырылады, оның
әмбебаптығы мен ерекшеліктері ашып көрсетіліп, мәдени ерекшеліктің пайда болу факторлары мен себептері
сипатталады. Бұл мақаланың мақсаты ирандық ұлттық мінез-құлықтың осы ерекшелігін зерттеу болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор ирандықтардың ұлттық мінез-құлқының негізгі ерекшеліктерін және
олардың қалыптасу факторларын қарастырды. Иран студенттерінен алынған сауалнама нәтижелері олардың
«сыпайылық» туралы жалпы түсініктерін анықтау үшін ұсынылды. Ирандық және шетелдік зерттеушілердің
Иран қоғамындағы әлеуметтік қатынастар туралы пайымдаулары ұсынылды. Мақалада «та’арофтың» пайда
болуына қатысты ғылыми гипотезалар келтірілген. Сонымен қатар діни негіздегі болжамдар ұсынылып,
мұсылман қауымы өмірінің әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын хадистерден мысалдар келтірілді.