Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының дамуы


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

  • А.Ы. Ықласова

Кілт сөздер:

Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар, Халықаралық қатынастар, «Бір белдеу - бір жол», Экономикалық қатынастар, Мұнай және газ.

Аңдатпа

Қазақстан да, Қытай да экономикалық дамудың жоғары сұранысына ие. Қытай Халық
Республикасымен кең ауқымды және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту Қазақстан
Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың жалпы стратегиясының негізгі бағыттарының
бірі болып табылады. Қазақстан мен Қытайдың екі жақты қарым-қатынастық дамуы осы уақытқа дейін бірнеше
кезеңнен өтті. Екі тарап бір-бірімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту арқылы сауда, инвестициялық,
энергетикалық және де т.б. салаларда да кең ауқымды ынтымақтастыққа қол жеткізді. Қазақстан мен Қытай экономика
және сауда саласында жан-жақты бірлестікті жүзеге асыруда. Бүгінде Жібек жолын жаңғырту бағытындағы екі ел
арасындағы ынтымақтастық бірнеше салаларды қамти отырып, Қытай Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық
әріптестерінің бірі болып табылады. Бұл ғылыми мақала, екі ел арасындағы кейбір стратегиялық аспектілер
мен ықтимал экономикалық салдарларды зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, зерттеуде Хоргос қаласының
экономикалық дамуын қолдана отырып, Жібек жолының экономикалық белдеуін іске асыру жобасы да талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

01.03.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

А.Ы. Ыкласова. (2019). Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының дамуы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 126(1), 86–91. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/665

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар