Қазақ және түрік әйелдерінің ұлттық киімдерін салыстыра зерттеу
Қаралымдар: 33 / PDF жүктеулері: 17
Кілт сөздер:
түркі мәдениеті, ұлттық киім, әйелдер киімі, қазақтар, түріктерАңдатпа
Түркі әлемі - тарихи тамыры бір, әртүрлі этностар жиынтығынан тұратын орталық болып
табылады. Жалпы тарихи мұраға ие бұл этностарға оларды бір-бірінен ерекшелейтін айрықша сипатты белгілері
бар мәдениет тән. Мұндай ерекше белгілердің бірі кез келген халықтың ерекшеліктерін бейнелейтін тарихи
қалыптасқан ұлттық киімі болып табылады. Берілген мақалада қазақ және түрік халықтары әйелдерінің киім
ерекшеліктері қарастырылады. Түріктердің әйелдерге арналған ұлттық киімдерінің айырмашылықтарына
талдау жасаған. Зерттеу барысында бұл халықтардағы әйелдер костюмдерінің өзіндік айрықша белгілері мен
ерекшеліктері анықталады. Сонымен қатар, осы халықтардың тарихында табиғи және басқа да жағдайларыға
байланысты пайда болып қалыптасқан ұлттық киімнің басты элементтері болып табылатын әйелдер бас
киімдері мен олардың әшекейлерінің ерекшеліктері мен түрлері қарастырылады.