Түркілердің дүниетанымындағы қасиетті сәукеле


Қаралымдар: 28 / PDF жүктеулері: 20

Авторлар

  • Ж.Н. Ахметова

Кілт сөздер:

сәукеле, салтанатты мәдениет, салт-дәстүрлердің қасиетті мағынасы, қазақтар.

Аңдатпа

Кез-келген этностың мәдени құрылымы ретінде біздің уақытқа дейін сақталып,
ежелгі заманнан келе жатқан әр елдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын атап өтуге болады. Қазақ елі түркі
суперэтносының ажырамас бір бөлшегі, өзінің қайталанбас мәдени элементі бар екені бәрімізге мәлім.
Сондай бір элементтерінің бірі, үлкендерді сыйлау, салт-дәстүрлерді орындау, сақтау. Қазақтардың үйлену
салты басқа түркі халықтарына қарағанда, көп сатылы және ерекше болып келеді. Тойға дейін, тойдың өтуі
кезінде, және мерекелік шараның аяталуы барысында орындалатын әдет-ғұрыптар бар. Үйлену тойына
арналған киімге де ерекше мән берілген, үйлену салтының басты элементі, әсіресе сәукеле атауына ие болған
бас киім.
Сәукеле – конус тәріздес және ұзын болып келеді, айрықша сәнді әшекейлермен және қымбат
маталармен тігілген. Бұл бас киім қазақ халқы үшін, ерекше киелі, мән-мағынасы зор деп айтуға толық келеді.
Осы мақалада сәукеленің қасиеті мен құпиясы туралы зерттеулер мен көзқарастар баян етіледі. Зерттеу
барысында, қазақ этносының бас киімге деген құрметі мен қасиетіне мән бергендігі туралы имплицитті
ойлауы анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

14.12.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахметова, Ж. (2019). Түркілердің дүниетанымындағы қасиетті сәукеле. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 129(4), 33–38. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/579

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар