Ресейдегі азаматтық қоғамды институттандырудың кейбір аспектілері (аймақтық зерттеулер негізінде)


Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

  • Е.В. Матвеева

Кілт сөздер:

мемлекет, азаматтық қоғам, коммерциялық емес ұйымдар, өңірлік процестер, қоғамдық пікір, Кемерово облысы.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі кездегі Ресейдегі азаматтық қоғамның институционализациясы туралы
айтылады. Жұмыстың мақсаты Ресейдегі мемлекет пен азаматтық қоғамның және Кемерово аймағының
жеке субъектісіндегі өзара іс-қимылының кейбір аспектілерін қарастыру. Зерттеу әдістері ретінде халықты
әлеуметтік зерттеу және коммерциялық емес бөлім өкілдерінің сараптамалық бағалау әдісі қолданылды, бұл
Ресей мен Кемерово аймағындағы азаматтық қоғам институттарының даму динамикасын бағалауға мүмкіндік берді. «Азаматтық қоғам» түсінігінің көптеген анықтамаларына қарамастан, мемлекеттік органдар мен
қоғам арасында бұл институтты түсінуде біртұтастық жоқ екендігі анықталды. Зерттеу нәтижесінде азаматтық қоғам дамуының ерекшеліктері мен аймақтық саясаттағы азаматтық бастамалардың даму процесіне кедергі келтіретін мәселелер айтылды. Бағаланатын критерийлер қатарына халықтың қоғамдық-саяси белсенділігінің деңгейі, тұрғындар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінің азаматтық қоғам институттары мен билік органдарына сенімі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратқа қол жетімділік, халықтың
өзін-өзі басқару мәселелеріне қатынасы жатады. Зерттеу нәтижесінде аймақтық азаматтық институттардың
дамуындағы басты орынды тұрғындар мен әсіресе жастар арасындағы азаматтық белсенділіктің тікелей алатындығы атап өтілді.

Жүктеулер

Жарияланды

14.12.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Матвеева , Е. . (2019). Ресейдегі азаматтық қоғамды институттандырудың кейбір аспектілері (аймақтық зерттеулер негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 129(4), 88–95. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/587

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар