Түркі тілдеріндегі жылқыға қатысты паремиялардың этномәдени ерекшеліктері


Қаралымдар: 32 / PDF жүктеулері: 16

Авторлар

  • Ж. Алашбаева

Кілт сөздер:

Махмұт Қашқари, паремия, жылқы, түркі халықтары, этномәдениет.

Аңдатпа

Мақалада түркі халықтарындағы жылқыға қатысты паремиялардың этномәдени
ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар жылқыға қатысты паремиялардың этимологиясына
ғылыми көзқарастар талданады. Жылқыға қатысты паремиялардың этимологиялық негіздерін зерделеудің
маңыздылығын, жылқыны қолға үйрету мәдениетінің түркілерден бастау алатынын лингвистикалық
тұрғыдан негіздеудің қажеттілігімен сипатталады. Түркі халықтарын байланыстыратын ортақ тарихты
зерделеу, тілдік ұқсастықтарды ажырату, ұғымдар мен ойлардың тұжырымдамасын айқындау жалпытүркілік
сананы жаңғыртудың негізі. Біздің терең тарихымыз бен мазмұнды сөздік қорымызды сақтау және құрметтеу
біздің болашағымыздың жарқын көрінісі болып табылады. Түркі халықтарындағы жылқы малын қабылдау
білімі, тұжырымдамалары мен ерекшеліктері өте ұқсас. Түркі халықтарының жылқы малына деген ерекше
сүйіспеншілігін мақал-мәтелдерінен-ақ аңғаруға болады. Себебі ұланғайыр даланың тарихы, мәдениеті,
салт-санасы жылқы малымен тығыз байланысты болған. Қазақ халқының жылқыны жеті қазынаның бірі
санауының да мәні зор.

Жүктеулер

Жарияланды

14.12.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алашбаева, Ж. . (2019). Түркі тілдеріндегі жылқыға қатысты паремиялардың этномәдени ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 129(4), 11–16. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/575

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар