Жаңа Суэц каналы құрылысының тарихи алғышарттары және саяси – экономикалық маңызы


Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 21

Авторлар

  • Ж.Е. Турекулова
  • Г.Ж. Есіркепова

Кілт сөздер:

Мысыр Араб Республикасы, Суэц каналы, экономикалық және әлеуметтік даму, көліктік инфрақұрылым, геосаясат, аймақтық қауіпсіздік.

Аңдатпа

ХІХ ғасырда құрылысы аяқталған, Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастырушы, әлемдік саясаттағы мұнай тасымалының негізгі көзі ретіндегі Суэц каналының 2015 жылы екінші тармағы іске қосылды. Мысыр мемлекеті каналды елдің ұлттық мақтанышы, символыретінде қарастырады. ХІХ ғ. Суэц каналының құрылысында
шет елдерден көп мөлшерде қарыз алып, тәуелсіздігінен айрылған Мысыр елі, екінші
тармақты қосу үшін негізгі қаражатты 48 сағат ішінде ел қазынасынан бөлуін ерекше айқындауға болады. Сонымен қатар, жаңа Суэц каналы 2011 жылғы «Араб көктемінен» кейінгі барлық қиыншылықтарға қарамастан, елдің ішіндегі идеологиялық және
діни қайшылықтарды жеңе білуге, мұсылмандар, христиан копттарды біріктіруге
бағытталған жоба болып табылады. Қазіргі кездегі Мысыр елінің дамуында канал елдің
бюджетінің түсімін, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен қатар, қосымша жұмыс күштерімен қамтамасыз етіп, мысырлықтарды ғаламдық экономиканың
маңызды логистикалық орталығына айналуға мүмкіндік береді. Осы орайда, берілген
мақалада жаңа Суэц каналының құрылысының тарихи кезеңдері, елдің саяси-экономикалық өміріндегі ықпалы қарастырылады. Сонымен қатар, «Көлік инфрақұрылымы –
индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе», [1]
- деп Елбасы атап өткеніндей, Суэц каналының құрылысы мен іске қосылуының ерекшеліктеріне талдау жасау, табиғи ресурстарды тасымалдаумен байланысты ірі көліктік жобаларды құру тәсілдерін айрықшалауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

18.03.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Турекулова, Ж. ., & Есіркепова, Г. . (2021). Жаңа Суэц каналы құрылысының тарихи алғышарттары және саяси – экономикалық маңызы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 134(1), 43–53. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/515

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар