Қазіргі Қазақстан және ҚХР дипломатиясындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі
Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 37
Кілт сөздер:
дипломатия, ақпараттық-коммуникациялық технология, ҚХР, Қазақстан, цифрлік дипломатия, халықаралық саясат, интернет.Аңдатпа
Бұл мақалада бүгінгі күні әлем елдерінің дипломатиялық қарымқатынасын- дағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі жайында қарастырылады. Соның ішінде, Қазақстан мен ҚХР дипломатиясына басым назар
аударылған. Сонымен қатар, мақалада бүгінгі таңда негізгі орынға ие болып отырған
цифрлық дипломатияның халықаралық қатынастардағы жаңа тенденциялары
айтылады. Автор бұл мақалада ҚР мен Қытай мемлекеттері аясында қазіргі кезеңдегі
дипломатиялық қызметті ақпа- раттық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен
әдістерін талдауға тырысады. 2000 жылғы 22 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің
тұрақты мүшелері бекіткен жаһандық ақпараттық қоғам Окинава Хартиясында
«ақпараттық-коммуникациялық техноло- гиялар ХХІ ғасырдағы қоғамның
қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады» делінген. Ал
Қытай билігі интернет пен заманауи ақпараттық-ком- муникациялық
технологияларды тек қарсылас мемлекеттерді тежеу құралы ретінде ғана емес,
сонымен қатар елдің халықаралық аренада оң имиджін қалыптастырудың та- маша
мүмкіндіктері ретінде пайдаланады. ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Ақпараттық
агенттігі жанынан интернет-насихат жөніндегі арнайы Әкімшілік бюро құрылған. Ол
интернеттегі мемлекеттік үгітті басқарып, үйлестіруші ролін атқарады.