Миф пен эпос поэтикасының типологиясы
Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 40
Кілт сөздер:
миф;қаһармандықэпос;эпос структурасы; эпос поэтикасы;типология;мифтік ұғымдар.Аңдатпа
Әлем ғалымдарының айрықша назарын көне заман адамдарының дүниетанымынан тарайтын мифтің өз алдына дербес қызметі, структуралық түзілісі, мазмұны, адамзаттың ойлау ерекшеліктерімен байланысты табиғаты аудартып келе жатыр. Мифті зерттеудің әдістемесі мен теориясы антропологияның, әлеуметтанудың, фольклортанумен психологияның ғылыми жетістіктері тұрғысынан әртүрлі аспектіде зерттелуүстінде. Бұған жер бетінде байырғы мәдениетті сақтап қалған халықтар мен тайпалардың деректерімен бірге, мифтің антикалық дәуірден бері қағазға түскен үлгілері нысана етіп алынуда. Бұданбасқамифтің көрініс тапқан саласы –эпос,аңыз, ертегі, ғұрыптық фольклормен бірге жеткен үлгілері де өз алдына үлкен сала құрайды. Осымәселеде мифтің өзі ғана емес, оның жанрлық өзгеріскеұшырауытуралы да сөз қозғаудың жөні бар. Себебі фольклордағы миф замана контексінде өзгерген, идеологиялық өңдеуге ұшыраған, жанрдың (мәселен, эпостың) өзгешелігіне икемделген болып табылады. Мұндайзаңдылық түркі халықтарының эпостық жырларындағы мифке де, мифтік кейіпкерлерге де қатысы бар. Іс жүзінде эпос –байырғы миф, ертегі, аңыз, ғұрыптықфольклор түрлерін синтездік сүзгіден өткізіп барып, дербес қалыптасқан жанр. Ондағы мифтік мотивтер, ұғымдар, кейіпкерлер эпостың жанрлық табиғатына икемделген. Аталған мақалада мифпоэтикасыныңжәнеэпос поэтикасының типологиясын ашып көрсетуде түркі халықтарының рухани мұраларын, эпостары мен мифтерінсалыстыра қарастыру,соныңнегізінде тың тұжырымдарға қол жеткізу, оларды ортақ мәдени мұра ретінде білуміндетін орындауға бағытталуымақаланыңөзектілігін арттыра түседі.Түркіхалықтарының фольклорынзерделеп, зерттеп, меңгергенсайын түбі бір түркілік болмысымыз да әрқырынанашыла түседі